• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Қаңтар, 2021

Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы кім?

1386 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенатта жаңа баспасөз хатшы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, «Болашақпен» бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі», делінген сенатор көмекшісі Telegram парақшасында жариялаған ақпаратта.

Данияр Рамазанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.