• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2010

ДЕРЕК пен ДӘЙЕК

505 рет
көрсетілді

19 100 000 000 Биыл облыста салынатын және жөнделетін әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысына осыншама теңге инвестиция қаралған Оның 15,1 миллиард теңгесі республикалық, ал 4,0 миллиард теңгесі облыстық бюджеттен бө­лі­нетін болады. Қазіргі таңда облыста 200 нысанды қайта жа­рақ­тандыру жұмыстары жүргі­зілу­де. Білім жүйесінде 10 нысан са­лы­нып жатса, алда тағы да же­теуі­нің құрылыстары басталады. Сон­дай-ақ 5 емдеу мекемесінің ғи­мараты салынуда. 3 мәдениет, 3 спорт, 7 коммуналдық шаруа­шы­­лық, 22 ауыз су жүйесі, 3 та­би­ғат қорғау нысаны жөнделуде, қал­ғандары жаңадан бой көтеріп келеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, АҚТӨБЕ. 9 500 000 000 Қарағанды облысында 6 жыл ішінде аймақтық “Ауыз су” бағдарламасы бойынша осынша миллиард теңге игерілген Оны орындау кезеңінде өңірдің 103 елді мекеніне ауыз су беруді тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Жалпы алғанда, 600 мыңнан астам тұрғынды таза су­мен қамтамасыз етуге қол жет­кі­зілді. Бұл мақсатта 1219 шақырым құбыр тартылып, олар 31 ауылда қайта жаңар­тыл­ды. Соның ішінде Тоқырауын-Балқаш ма­гис­тралды су ағы­ны­ның қалпына келтірілуі Балқаш қаласына, Қоңырат, Шашубай кенттеріне су жет­кізілуін жолға қойды. Жәйрем мен Қаражал қалаларын сумен қамтамасыз ету мәселесі жақын арада шешілгелі тұр. Келесі жылда осы бағытта 21 жоба іске асырылмақшы. Айқын Несіпбай, Қарағанды облысы. 4 884 200 000 “Жол картасы” бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Қызылорда облысына инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға осыншама теңге бөлінген Осыншама қаржыға барлығы 128 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Төрт бағыт бойынша жүргізілетін ауқымды шара не­гі­зінде 5291 жаңа жұмыс орын­дарын ашу көзделген. Аталған бағыттар тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық жүйесін да­мы­­ту, жергілікті маңыздағы ав­токөлік жолдарын салу және жөндеу, мектептерді, аурухана­лар­ды және өзге де әлеуметтік объектілерді жөндеу, сондай-ақ қалаларды, елді мекендерді көркейтуді көздейді. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы. 76 971 “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы облыстық ұйымында осыншама мүше бар Бүгінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасайтын облыстық партия ұйымының қатарында 76971 белсенді мүше бар болса,  олардың 20190-ы өзге ұлттың өкілдері. Десек те, олардың мақ­сат-мүддесі – тәуелсіз еліміздегі Елбасының саясатын қолдау, қоғамды демократияландыру мен татулық және ұлтаралық келісімге қол жеткізу. Тілек пен күш біріктірген партия мүше­лерінің бұл бағыттағы жұмыс­та­ры нәтижелі екендігін күн сай­ын­ғы жұмыстары дәлелдей түсуде. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.