• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2021

ҚазҰУ- мүмкіндіктер ордасы

529 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. Сол арқылы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.  

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фараби былай деп жазды: «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» . Осыған орай, ҚазҰУ сапалы білім алуға және өз саласында кәсіпқой болуға мүмкіндік береді. 

Соның ішінде, өзім білім алып жатқан Философия және саясаттану  факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасына тоқталғым келіп отыр. Алғаш қаланғаннан қазіргі күнге дейін қаншама түлектер білім алып, елімізді көркейтуге ат салысып жүр. Кафедра жылдан-жылға толығып, дамып келеді,соның дәлелі профессор Н.Ж. Байтенованың кафедраға басшылыққа келумен кафедра тарихының жаңа кезеңі басталды. Оның жетекшілігімен кафедра ғылыми зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізе бастады. Ғылыми зерттеудің басым бағыты заманауи діни жағдайдың өзекті мәселелерімен байланысты. Соңғы 5 жылда ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім және профессор Н.Ж. Байтенованың жетекшілігімен авторлық ұжым Қ.А. Затов, Ш.С. Рысбекова, Қ.М. Борбасова, Б.К. Бейсенов, Б.Б. Мейірбаев, С.У. Абжаловтар тарапынан Білім және ғылым министрлігінің бірнеше гранттары ұтып алынды. Дінтанудың маңызды мәселелері бойынша кітаптар баспаға шықты: «Қысқаша діндер тарихы», «Дінтану негіздері», «Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ұйымдар», «Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтер»  Сонымен қатар, кафедра дінтану мамандығы бойынша республикалық оқу әдістемелік орталықтың секциясы болып табылады. Кафедра оқытушылары еліміздің басқа да оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, мамандықты жетілдірулеріне қолдау көрсетіп келеді.  Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мамандар дайындау бойынша жетекші кафедра болып табылады.

Бүгінгі талапкер – тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматы. Осындай білім ордасында оқу- әрбір түлектің арманы десек қателеспейтін шығармыз. ҚазҰУ әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.

Динара Садырбек,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дің студенті,

Айнұр ҚҰРМАНАЛИЕВА,

ғылыми жетекшісі,

Дінтану және мәдениеттану

 кафедрасының меңгерушісі

филос.ғ.д., профессор