• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2010

ОН ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ МОДЕЛІ

1026 рет
көрсетілді

ӘЛЕМДІК БІЛІМ ҮРДІСІНЕ АПАРАТЫН ЖОЛ Биылғы Президент Жолдауында 12 жылдық оқыту моделін табысты ұйымдастыру туралы айтылғаны белгілі. Бұл міндетке орай, “Инс­ти­тут-мектеп” ғылыми-педагогика­лық зерттеу орталығының негізгі мін­деттерінің бірі – болашақ пе­да­гогтың 12 жылдық мектеп құры­лымы мен мазмұнына сай қызмет етуге дайындау болып есептеледі. Институт қаражатына “12 жыл­дық білім жүйесінің педагоги­ка­лық-психологиялық негіздері” де­ген оқу-әдістемелік құрал баспадан шығарылды. Бұған қоса 12 жылдық білім беру жүйесінің нормативті құ­жаттарының макромедия флеш бағ­дарламасы сызбалар жинағы дай­ындалды. “12 жылдық білім беру және интерактивті оқыту техноло­гия­сы” атты мектеп мұғалімдері мен студенттердің кәсіби білік­ті­лі­гін көтеру курстары ұйымдас­ты­ры­лып, 96 тыңдаушыға сертификат берілді. Жыл сайын 3-4 курс сту­денттері мен мұғалімдік қызмет ат­қа­рып жүрген институт түлектеріне арналған курстар циклы ұйым­дастырылуда. Орталық атқарған ауқымды жұ­мыстың тағы бірі – “12 жылдық білім беруге көшуді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері” атты республикалық ғылыми-прак­ти­ка­лық конференция дер едік. Алқалы жиында ғалымдар мен мұғалімдер жаңа оқыту жүйесі жайлы тәжірибе алмасып, алдағы жұмыстарды тал­қы­лады. Өткен жылы Тараз қала­сында “12 жылдық білім беруге кө­шу жағдайында мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық дайындау нормативінің қамтамасыз етілуі” атты республикалық семинар-кеңесте аталмыш орталықтың ат­қарған жұмыстары бойынша көрме (баннер, оқу-әдістемелік құралдар) ұйымдастырылды. Мұғалімдік мамандыққа бейі­м­деу бағдарламалары (бейімалды даярлық бағдарламасы  –  5-9-сынып, бейімдік оқыту бағдарлама­сы  – 10-11 сынып) дайындалып, ғылыми кеңесте бекітілді. Биыл үш тілде оқы­тылатын №21 мектеп- гимназиясында осы бағдарламалар­мен жұмыс басталды. Соңғы үш жыл­дағы “Институт-мектеп” ғы­лы­ми-педагогикалық зерттеу орта­лы­ғы­ның үздіксіз айналысып келе жат­қан зерттеулерінің бірі мек­теп­алды тобының жұмысы бола­тын. Атап айтқанда, мектепалды даярлық тобына педагогикалық кадр дайындауды жетілдіру мақса­тында “Мектепке дейінгі тәрбиені оқыту” мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқы­ту” стандарты талқыланды. Сту­дент­тер мен тәрбиешілерді мек­теп­алды дайындық топ пен шағын ор­талықтар жұмысындағы ерекшелік­тер­мен таныстыру, біліктіліктерін арттыру мақсатында курстар ұйым­дастырылып, сертификаттар берілу үстінде. Мұның бәрі мектепке дейінгі тәрбиені жақсарту жолын­дағы ізденістер еді. Иә, онжылдыққа межеленген Жолдауында Президент үздіксіз бі­лім беру жүйесін жетілдіруді ке­шен­ді қарастырып, мектеп жасына дейінгі оқыту және тәрбиелеу дең­гейін жетілдіру үшін “Балапан” бағ­дарламасын жасауды тапсырды. Бұл да 12 жылдық оқыту моделінің табысты болуының негізгі шарт­та­рының бірі. Сонымен қатар, енді осы бағдарламаға сүйеніп, мектепке дейінгі мекемелерге кадрлар дай­ын­дауға қатысты өз шешімін таба­тын болады. Біз қазір ғылыми-пе­да­гогикалық зерттеу орталығына сер­пін бере бастадық. Президент өз Жолдауында: “Ғылымды басқару­дың жаңа кезеңіне, яғни ғылыми мекемелерді басқарудан ғылыми зерттеуді басқаруға көшу керек”, деді. Осы нұсқауды біз басшы­лық­қа алып отырмыз. Ақтөбе мем­ле­кеттік педагогикалық институты­ның ұжымы осы бағытта да келелі жұмыстарға жұмылуда. Мысалы, бізде түлектерді жұмысқа орналас­тыру оң шешімін тауып келеді. Әлеуметтік серіктестік бағытындағы ұмтылыстарымыз республиканың басқа жоо-ларына үлгі бола бастады. Соң­ғы жылдары институтты бітір­ген­дерге Атырау облыстық және қа­лалық, аудандық білім бөлім­дері­нің басшылары “құда” түсуді үрдіске айналдырды. Президент: “Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті бол­ма­сақ, өз мақсатымызға жете ал­май­мыз. Барлығы мектептен, ал Қа­зақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, деген болатын. Осы сөз­дерді басшылыққа ала отырып, институт студенттері республика жас­тарына ауылға бет бұру туралы үндеу тастаған еді. 3 жылдан бері тү­лектеріміз өз еңбек жолдарын ауыл мектептерінен бастауды дәс­түрге айналдырды. Оларға Үкімет­тің 2009 жылы “Ауылдық елді ме­кендерге келген жас мамандарға әлеу­меттік қолдау көрсету” туралы қаулысының талаптарына сәйкес және жергілікті әкімдіктер тарапы­нан бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер жасалып жатқанын айтуға болады. Айталық, былтыр бітіргендердің ішінен мұғалім кадрлар жетпей жат­қан елді мекендердегі мектеп­тер­ге барған жас мамандарға 16 үй, 161 жалдамалы пәтер, 29 қызметтік үй берілді. Әрқайсына 4000-8000 теңге көлемінде коммуналдық тө­лемақы, тегін медициналық қызмет көрсету, т.б. әлеуметтік жеңілдік­тер, ең бастысы – ауылға барған әр жас маманға 90 мың теңге көле­мінде көтерме төлемақы тағайын­дау­ға қол жетті. Өткен оқу жы­лында облыс әкімі Е.Сағындықов “Елді түзетуді бала оқыту ісін тү­зе­туден бастау керек” деген ұлт ұс­тазы Ахмет Байтұрсынұлы ұстаны­мын басшылыққа ала отырып, 33 ұстазға пәтер кілтін табыстады, оның 14-і қала мектептерінің мұға­лімдері болса, ал 19-ы ауыл мұға­лімдері еді. 14 пәтер ауылдық жер­лер­де қызмет етіп жүрген жас педа­гогтар еншісіне тиді. Осы бағыт­та­ғы жұмыстардың тағы бір шоғырын қазір қарастырып жатырмыз. “Арыстандай айбатты, жол­барыстай қайратты, мен жас­тар­ға сенемін” деп Алаштың бір­туар ақыны Мағжан Жұмабаев айт­қандай, елдің алтын бесігі санала­тын ауылға жас мамандардың ба­руы, бұл жастардың елге, туған жер­ге деген сүйіспеншілігінің оянғанын, кіндік қаны тамған ауылдан алыстамай, өркендетсек деген патриоттық сезімін көрсетеді. Ақтөбе мемлекеттік педагоги­ка­лық институтының әрбір оқы­ту­шысы мен студентінің өз ісіндегі биік деңгейлі жауапкершілігі, жұ­мыс сапасын жақсартуға деген қызу құлшынысы және оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оның сапасын көтеру мәселесінің тиісті деңгейде шешілуі студенттер құрамының са­па­сына тікелей байланысты екен­дігі белгілі. Соның бір көрінісі  – қазіргі уақытта институт студент­тері­нің 60 пайыздан астамы мем­ле­кеттік білім гранты негізінде оқи­ды. Өткен оқу жылында 63 сту­денті­міз ақылы бөлімнен бюджеттік бөлімге ауыстырылды. 55 студенті­міз облыс әкімінің грантын иелен­ді, олардың 13-і жетім, 11-і толық емес отбасынан. 31-і табысы аз от­басыларынан шыққан студенттер еді. 5 студентіміз атаулы стипен­дия­лар иегерлері, 12 студентке ректор стипендиясы тағайындалды. Тағы бір айтарым, биылғы оқу жылында ата-анасынан айырылған 42 студентке қаржылай көмек көрсетілді. Мысалы, қыз балаларға – 48900 теңгеден, ер балаларға – 43300 теңгеден, барлығы 2 миллион теңге көлемінде бір жолғы жәр­дем­ақы тапсырылды. Бұған қоса инс­титут оқытушыларының бастама­сы­мен қаржылай, киім-кешек тү­рін­де қолдау көрсеткендер бар. Би­ыл­ғы оқу жылына әлеуметтік жағ­дайы төмен 18 студентке оқу тө­лем­ақысы бойынша 1,5 миллион теңге көлемінде жеңілдік қарас­тырылды, 8 жетім студент институт асханасынан тегін тамақтанады. Ақылы негізде оқитын әлеу­мет­тік жағынан аз қамтылған үздік сту­денттерге Ә.Молдағұлова, Ы.Ал­тынсарин атындағы атаулы стипен­диялар тағайындалды. Балалар үйі­нің тәрбиеленушілеріне (9 студент) бюджеттен тыс қаражат көздерінен институт асханасында тегін та­мақ­тану ұйымдастырылды. 36 сту­дент­ке оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер жасалса, оның 15-і оқу ақысын төлеуден толықтай босатылды. Инс­титуттың бюджеттен тыс қара­жат көздерінен 26 студентке 3000 теңге көлемінде стипендия та­ғайын­далып, мемлекеттік тілді же­тік меңгерген 8 студентке арнаулы стипендия беріліп келеді. Инсти­тут­тың қоғамдық өміріне белсене араласқан студенттер де назардан тыс қалмайды. Ата-анасы жоқ сту­денттер мен магистранттар жатақ­ханада тұру ақысын төлеуден толық босатылды. “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында Ақтөбе өңірінде өмір сүр­ген ақын-жыраулар мұрасын 10 том етіп республикалық деңгейде шығаруды қолға алдық. Нұрпейіс Байғаниннің жаңа жинағы Алматы­дағы “Арыс”баспасынан жарық көр­се, XІX ғасырдың екінші жар­тысында осы аймақта өмір сүрген қазақтың мықты ақындарының бірі, тәуелсіздік жыршысы Сары­шо­лақ Боранбайұлының, атақты эпик Жөкей Шаңғытбайұлының шығармалары тұңғыш рет оқыр­ман­дарға ұсынылды. Келесі кезекте Мөңке би Тілеуұлы, Әбубәкір Бо­ранқұлұлы, Әкімәлі Қаржауұлы, Ақпан Әйтбекұлы, т.б. танымал тұл­ғалардың туындыларын бірік­ті­ре­тін екі томдық жинақты құрас­ты­ру жұмыстары аяқталды. “Ғибрат” атты кітапқа Мөңке бидің, Әбу­бә­кір Кердеріұлының және Сары Батақұлының шығармалары топ­тас­тырылып, ол қалың қазақ қо­лы­на тиді. Алдағы уақытта осы ба­ғыт­тағы жұмыстар жалғасын таба береді. Мұндай рухани құндылықтар жастарға біліммен бірге тәрбие беруге, халқымыздың қадірін арттыратын факторды танып білуге, тәлімін алып, тағылымын үйренуге өлшеусіз үлес қосатыны, отаншылдың сезімді оятуға септігін тигізетіні сөзсіз. Жалпы, әлемдік білім беру үрдісінде 12 жылдық оқытудың орны ерекше. Біз бұл білім үлгісін елдік дәстүрмен ұштастыра отырып орындауды қолға алып отырмыз. Елбасы Жолдауының негізгі бағыт-бағдары да осыны міндеттейді. Ғалымжан НҰРЫШЕВ, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор.