Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сұхбаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.
М. Тілеуберді Президент Қ. Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын» мәлімдеді.
Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.