• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Сәуір, 2021

Алматы мешіттерінде намаз сыртта оқылып жатыр

510 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес бүгін қала мешіттерінде намаз сыртта оқылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Жандарбек Бекшиннің 23 сәуірдегі №16 Қаулысында Діни нысандардың жұмысына қатысты: «Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни объектілер аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі», деп көрсетілді. 

Алматы қаласы мешіттерінің ауласында жұма намазын өтуге қойылатын талаптар: 

Жұма намазын мешіт аумағында (ашық ауада) оқу;  Жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою;  Мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу;  Дәретті барынша үйден алып келу;  Намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу; Мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;  Намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;  Мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау;  Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі;  Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс. Күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.