• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Маусым, 2021

Министрге – «БҰҰ-әйелдер» Құрмет грамотасы

509 рет
көрсетілді

Кеше Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Аида Ба­лаеваның «БҰҰ-ның Қазақ­стандағы әйелдер құры­лы­мының» өкілі Мария До­ценкомен кездесуі өтті.

«БҰҰ-әйелдер» – Біріккен Ұлттар Ұйымының Ген­дерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүм­кіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы. Іс-шара барысында Мария Доценко Аида Балаеваға гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша белсенді жұмысы үшін «БҰҰ-әйелдер» Құрмет грамотасын тап­сырды.Министр қазақстандық әйелдердің мемлекет пен қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі рөлі, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуы үшін жасал­ған жағдайлар туралы айтып берді. Аида Балаева Қазақ­стан гендерлік ағартуды ілгерілету, ауылдағы әйел­дерді қолдау, балалар мен әйелдерге қатысты отба­сындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін үнемі шаралар қабылдап отыратынын атап өтті.Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.