Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ұжымға Мұрат Бектановты таныстырған Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің білімі мен тәжірибесі Қарулы Күштерге жүктелетін міндеттерді орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы оқ-дәрі сақтайтын барлық қоймаларда және басқа да қару-жарақ сақтайтын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шешім қабылдауды, елді мекендерден алыс жерде оқ-дәрі сақтайтын замануи қоймалар салу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.
Жиын барысында отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, Президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады.