• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Қыркүйек, 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қалай орындалуда?

310 рет
көрсетілді

Nur Otan-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қо­ғамдық кеңесінің отырысында пар­тия­ның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы қаралды. Жұмыс тобы Қызылорда және Қостанай облыстарындағы 2019-2021 жылдардағы істердің жай-күйін зерделеген.

Сонымен, Қызылорда облысында аталған кезеңде жымқыру фактісі бойынша 126 сыбайлас қылмыс, 111 – парақорлық, 19 лауа­зымдық өкілеттігін асыра пай­да­лану тіркелген. 142 адам қыл­мыстық жауапкершілікке тар­­тылған, оның 13-і – облыстық дең­­гей­дегі, 15-і – қалалық және ау­дан­дық деңгейдегі басшылар. Мы­­салы, биыл Қазалы аудан­дық құрылыс бөлімінің басшысы «Қазалы ауданы әкімдігінің әкім­шілік ғимараты» нысанының құры­­лысы кезінде жобалық-смета­лық құжаттамаға және орындалған жұмыстар актісіне қуатты кабель желілерінің ұзындығы туралы сенім­­сіз мәлімет енгізу арқылы 125,6 млн теңге көлемінде бюджет қа­ражатын жымқырғаны үшін сот­талған. Сондай-ақ Шиелі аудан­­­­дық білім бөлімінің басшысы оқу­­­шы­ларды жазғы лагерьлерге орналастыру және оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жалған өзара есеп айырысуды ре­­сімдеу арқылы 334,9 млн теңге кө­­­­ле­­­мінде бюджет қаражатын жым­­­қыр­ғаны үшін сотқа тар­тылған.

Әкімдіктер жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық ко­мис­сиялардың жұмысы да Nur Otan-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі мүшелерінің жеке сұрағын туғыз­ды.

«Облыстық әкімдіктің ведом­ст­воара­лық комиссиясын­да (ВАК) оты­рыстың күн тәрті­бін жос­парлағанда сыбайлас жем­қор­­лық ахуалына мони­торинг жүр­­гізілмегені анықтал­ды. Ко­миссияда ішкі істер, ауыл шаруа­шы­лығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орган­дарында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұ­мыс­тардың жай-күйі туралы мә­се­ле­мен айналыспаған. Ал Қызылорда қалалық әкімдігінде бұдан да сорақы көптеген мәселе бойынша анықтамалық, талда­малық деректер мүлдем жоқ, хат­тамаларда ұсынымдарды орын­даудың нақты мерзімдері жазыл­маған, ал растаушы құжат­тар атымен жоқ. Облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасының анық­тамасы атүсті жасалған – сыбай­лас жемқорлық тәуекелдері анық­талған-анықталмағаны түсініксіз. Ол тіпті келісілмеген және бекі­тілмеген болса, не айтуға болады?», деді кеңес мүшесі А.Құспан.

Өз кезегінде Қостанай облы­сында Nur Otan партиясы жа­нындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі рес­публикалық қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қолжетімділігіне назар аударды.

«Өңірде сауалдама алын­ған тұрғындардың 81,2%-ының мемле­кеттік көрсетілетін қыз­меттің сапасына көңілдері толады, олардың басым бөлігі электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Со­ны­мен бірге «Қостанай – адал­дық алаңы» жобалық кеңсесі жүр­гіз­ген мониторингтің нәтижесі бойынша Қостанай ауданының сәулет және қала құрылысы, жер қа­тынастары бөлімдерінде ха­лық­тың мобильділігі төмен топтары үшін жағдай жасау бойынша бұзушылықтар анықталды. Ақпа­раттық жұмыс жеткілікті жүргі­зілмей отыр», деді кеңес мүшесі Ж.Рысбекова.

Сондай-ақ кеңес мүшелері Қос­танай облыстық білім басқар­масы қызметінде анықталған бұзу­шы­лықтарды да талқылады, оның ішінде партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл бағдарламасын іске асыру бо­йынша Жол картасы мен Қа­зақстан Республикасының Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы страте­гиясының орындалуы туралы ақ­па­раттың болмауы қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында – Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаевты, білім басқармасының басшысы А.Қасымованы және денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазыловты ескертпе түрінде партиялық жауапқа тарту жөнінде шешім қабылданды. Қостанай облысында Қостанай ауданының әкімі Ж.Таукенов және облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменова ескерту алды.

 

«Егемен-ақпарат»