• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 14 Қазан, 2021

Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

301 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш мемлекеттік сыйлық ғылыми жаңалықтар ашқан, жаңа технологиялар ойлап тапқан ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми-техника және инновация бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан мамандарға беріледі.

2021 жылы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткер 16 жұмыс келіп түскен. Алдын ала іріктеуден кейін оның 10-ы екінші кезеңге өткен.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия аталмыш мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыстар тізбесін бекітті. Енді әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлық жобасы әзірленетін болады.

Атап өту керек, әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника саласындағы ғалымдар үшін ең жоғары марапат.