• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Таным 15 Қазан, 2021

Мейірбан әжеміз мәңгі жүрегімізде

606 рет
көрсетілді

Еңбек арда­гері Чаимхан Ақ­шаева 98 жа­сын­да өмірден озды. Сүйікті әже­міз бүкіл өмірін отбасы мен қо­ғам­ға арнады, әр­дайым балаларын, немерелері мен жас ұрпақты дұ­рыс өмір­лік құн­ды­лық­тар негізінде тәр­­биелеуге көп кө­ңіл бөлді.

Чаим­хан апай­ы­мыз 1923 жы­лы 5 қазанда Верный қала­сында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс бас­талған кезде 17 жасында майданға кө­мектесу үшін құр­быларымен бірге ауыр жұ­мысқа кетті, онда қыздар әр­түрлі жұмыс түрлерін жасады, жерді соқамен жыртып, түнде 4-ке дейін сарбаздарға арнайы қолғап тоқып, таңертең қайтадан «шаршадым» демес­тен жұмыс жасаған болатын. Ол – тағдыры қиындыққа толы адам, балалық ша­ғында аштықты да көрді. Соған қа­рамастан ол әрқашан қамқор және сүйікті әжеміз болды. Қуғын-сүргін кезінде әжеміздің әкесі Сібірге ірі бай ре­тінде жер ауда­рылды, содан кейін олар анасымен бірге үйден алыс туыстарына, Таранға қашып кетті. Бірнеше рет оның ата-анасы үй шаруашылығын тақыр жерден көтеруге мәжбүр болды. Соғыстан кейінгі жыл­дары туған ауылында тұрып, жұ­мыс іс­теуді жалғастырды. Тәуел­сіз­дік алғаннан кейін Чаим­хан Ақшаеваны жергілікті мә­жі­ліске шақырды, онда еңбек ар­дагері ауылдастары үшін өмір­ді қалай жақсартуға болатыны туралы жаңа идеяларымен бөлісті. Соңғы күндерге дейін жаңа­лық­тарға қызығушылық танытып, жастарды тәнті етті. Ең бастысы, өзі айтқандай, бар­лығы еңбекқор және бір-біріне мұ­­қият болу керек. Әжеміздің өзі әр­­дайым мұқият бол­ды, жас ұрпаққа сабақ берді, жақсы тілектер айтатын және батасын бе­ріп отыратын.

Чаим­­хан Ақ­шаева ба­лала­ры­ның, не­мере­лері мен шө­берелерінің дәс­­түрлі қазақы және рухани тәр­биесіне ерекше көңіл бөлді. Өйткені әже – отбасының алтын қазығы. Ба­лаларға Алпамыс пен Қобы­ланды сынды батырлар жырын, Таусоғар мен Толағай туралы ертегінің майын тамызып айтып беретін осындай әжелер сирек. Отбасындағы қарым-қатынасты реттеп, балаларды мейірімділікпен және ақылмен өмірге бейімдеді. Әжелер үнемі адамгершілік сөздерді қайталаудан шаршамайтын: «арыңды аяқасты етпе, үлкеннің жолын кеспе, біреуді жамандама, бөтен адамның ала жібін аттама». Қазіргі уақытта мұндай әжелер саусақпен са­нарлық. Бүгінгі ұрпақ ақса­қалдармен қарым-қатынаста бұрынғыдай емес, оған ішінара әже тәр­биесінің болмауы себеп. Әженің сүйіспеншілігі мен құ­шағына ештеңе жетпейді. Бірақ қазір мұндай әжелер саусақпен санарлық.

Балаларымызды әжеміздің мейі­рімділігінен айырмайық! Егер біз бір-бірімізге мейірімді болмасақ, біз кім боламыз? Жүрек-анамыз бен ұлы әжеміз өмірден өтті. Ұзақ уақыт бойы біз ол туралы жар­қын ес­теліктерді жады­мызда сақ­тай­мыз.

 

Сүйікті не­ме­релерінің естеліктерінде Самат пен Ботагөз Қасабек те бар