Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сынға түскен 48 кило салмақтағы отандасымыз Теміртас Жүсіпов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзбекстан өрені Нодиржон Мирзахмедовпен қолғап түйістірген қазақ оғланы қарсыласының қысым көрсетуіне қарамастан сауатты қорғана жүріп, ұтымды шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде ол төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Теміртас дәл қазіргі сәтте қола жүлдегер атанып отыр. Ол қоланы алтынға алмастыруға ниетті.