Белград рингтеріндегі тартысты жекпе-жектер толастаған жоқ. Шаршы алаңға 63,5 кило салмақ дәрежесіндегі сайыпқырандар көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл салмақта Қазақстан атынан бақ сынаған Санатәлі Төлтаев шотландиялық Риз Линчпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы барын салып бақты. Алайда төрешілер шотландиялықты жеңімпаз деп тапты.