• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Ғылым 23 Желтоқсан, 2021

Агроном планшеті

389 рет
көрсетілді

Отандық ғалымдар «Су тасқынын бол­жай­­­­тын планшет» қосымшасын жасап шы­­­ғарды. «Су тасқынын болжайтын план­­шет» агро­номдарға арналған көмекші құ­рал­ бол­мақ. Бұл туралы жуырда Білім және ғы­­­лым министрлігі хабарлаған болатын.

«Агрономға арналған планшетті» Д.Серік­баев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары әзірледі. Техника ғылымының докторы Валентина Колпакова: «Агрономға арналған планшет» қосымшасы – үйде де, далада да жұмыс істеуге арналған әмбебап қосымша. Бұл ауылшаруашылық жұмыс­тарында портативті электрониканың артық­шы­лықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Өрістер тарихы, карталар, анықтама­лық­тар және басқа құжаттардың мұрағаттарда сақталуы маман­дардың шешім қабылдау процесін жеңілдетеді. Қосымшада ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі туралы ақпарат пен егіс жұмыстарын одан әрі жоспарлау жөніндегі ұсынымдар да бар», дейді.

Ғалымның айтуынша, технология агро­ном­дарға ауылшаруашылық алқаптарындағы жағ­дайды бақылауға мүмкіндік береді, соның негі­зінде ықтимал тәуекелдерді ескеріп, эконо­микалық тиімді шешімдер қабылдауға болады.

Аталған жоғары оқу орнының зерттеу­ші­лері планшетке қоса еліміздегі агроном­дарға су тас­қынын мониторингілеп, болжауға көмек­тесетін электронды ресурс әзірледі. Электронды жүйе­де инфрақұрылым объек­тілерінің цифрлы, коор­динаттық және карто­графиялық деректері бар.

«Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туады. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі су деңгейін бақылау тиімділігін арттыратын және маусымдық су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін кешенді ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу міндеті тұрды. Өзен гидравликасын және ықтимал су басу аймақтарын дәл модельдеу үшін біз MIKE бағдарламалық кешенін, сондай-ақ ArcGIS, QGIS, NextGIS заманауи геоақпараттық жүйелерін пайдаланамыз. Бұл төтенше жағдайды болжау сапасын жақсартуға жағдай жасайды. Нәтижесінде біз су тасқыны мен елді мекендерді су басудың алдын алу үшін қажетті толық ақпарат аламыз», деді ғалым, PhD докторы Маржан Тоғызова.