• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2022

Моноқалада ауқымды жұмыс атқарылды

344 рет
көрсетілді

Кентау десе алдымен үнемі жылу мәселесі айтылатын. Бұл мәселені шешуде қалаға «көгілдір отын» жеткізу маңызды еді. Облыс басшылығы осы бастаманы қысқа мерзімде орындауға күш салып, қаржы мәселесін шешіп, компаниялармен келіссөз жүргізді. Нәтиже бар. Жобаны жүзеге асыруда өте күрделі әрі ауқымды жұмыс атқарылды.

Облыс орталығының ірге­сіндегі Кентау қаласының тұр­ғындары көптен күткен мәселе шешіліп, қалаға газ берілді. Қазіргі таңда «кө­гілдір отынмен» қаланың 18 200 абоненті қамтылды. Қал­ған тұрғындар кезең-кезе­ңімен күз айларына дейін қо­сыла бастайды. Енді алдағы 2 жылда қалаға қарасты қал­ған 4 ауылға табиғи газ тар­тылады деп күтілуде. Кен­­тау қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланы газдандыру бо­йын­ша тынымсыз жұмыс істе­ген жұмысшылардың еңбегін бағалап, құрмет көрсетті.

«Уақытпен санаспай, қа­лаға газ кіргізу жұмысын күн­діз-түні тоқтаусыз жүргізген еңбек­теріңіз орасан. Тынды­рымды тірліктеріңіз арқылы газ қалаға біз жоспарлаған уақыттан ерте қосылды. Мұ­ның барлығы да еңбектің ар­қасы», деді қала әкімі.

Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентаудағы Ш.Қал­дая­қов атындағы мәдениет сарайында тұрғындармен кез­десуде моноқаланың бәсе­ке­ге қабілеттілігі артатынын, оған толық мүмкіндік ба­рын атап өтті. Сондай-ақ бұл күні Кентау қаласындағы Tur­kistan арнайы экономикалық айма­ғында орналасқан «Түркістан темірбетон» зауыты өз жұмы­сын бастады. Өндіріс орны тұрғын үйге арналған 10-ға жуық түр­лі темірбетон өнім­дерін шығарады. Айта кетейік, ин­вес­тицияның жалпы көлемі – 1,2 млрд теңге, осы сәтке дейін 700 млн теңге орындалған. Жаңа 60 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Зауытта жабындылар, ригель, үйлердің ірге тасын қалауға арналған блок­тар, бағаналар, жол бойы­на қойылатын бордюрлер шы­ғарылмақ. Зауыттың жо­балық қуаттылығы – жылына шамамен 80 мың шаршы метр темірбетон. Шикізаттың басым бөлігі Кентау қаласынан алынады. Шығарылған өнім­дермен Түркістан облысын қамту жос­парлануда.

Жаңа зауыттың жұмысы­на сәттілік тілеген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өндірісті да­мыту бағытында жұмыс кү­шейетінін айтты. «Былтыр эко­номиканың даму қарқыны +4%-ды құрады, өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға артып, 707,8 млрд теңгені құ­­рады. 186,6 млрд теңгені құ­райтын 34 инвестициялық жо­ба іске қосылды. Жалпы, облыс орталығының Түркістан қаласына ауысуы Кентаудың дамуына үлкен серпін берді. Бұл шаһар мен үшін өте ыс­тық. Мәселелерін де жақсы біле­мін. Сондықтан оны дамыту – азаматтық парызым. Өткен жылы Кентау қаласын да­мытуға 1,3 млрд теңге қар­­жы бөлінді. Көпқабатты үйлер жаңғыртудан өт­ті. «Қызыләскер» автомат­тан­ды­рылған газ стасасын іске қосу жұмыстары аяқталып, қала тұрғындарын табиғи газға қосу мүмкіндігі пайда болды. Шахтаның суын төмендету жұ­мыстары жүргізілуде. Биыл қа­ланы дамытуға 1,6 млрд теңге бағытталып отыр. Кен­тау қала­сы аума­ғын­дағы әлеу­меттік-инфра­құ­ры­лымдық мә­се­лелерді жүйелі түрде кезе­ңі­мен шешетін боламыз», деді Ө.Шөкеев.

Кездесуде тұрғындар инфра­құрылым, ономас­тика, жұмыс орындарын кө­бейту, жол, бас­панамен қам­ту, балалар ойын алаңша­ла­рын салу, жастарды «Сер­пін» бағдарламасына енгі­зуге ықпал ету және өзге де мә­селелерді көтерді. Об­лыс әкі­мі тұрғындардың өтініш­тері мен сұрақтарын тыңдап, заң аясын­да кеңес берді. Бір­қатар түйт­кілді шешу бо­йынша жауапты басқарма бас­шылары мен қала әкіміне нақты міндеттер жүктеді.

 

Түркістан облысы