• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2022

Полиция кадрларын даярлау: Жетістік пен жаңашылдық

500 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндеттерінің бірі екені, әділ әрі мықты мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асыру қажет екені айтылған болатын. «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауында осы міндеттерді дер кезінде жүзеге асыру бағыттары айқындалды.

Ішкі істер министрлігінің М.Ес­бо­ла­тов атындағы Алматы акаде­мия­сын­да да Жаңа Қазақстан құруға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңарудың негізгі тетігі білікті кадрларға тікелей байланысты. Бұл орайда ішкі істер органдарында жүзеге асырылып жатқан реформалар аясында полиция кадрларын даярлауда да жетістік пен жаңашылдық жетерлік. Қазақстанның ішкі істер органдары үшін заман талабын терең түсінетін, жаңаша ойлайтын және қолынан іс келетін кәсіби басшылар даярлау қолға алынды. Полиция басшылары­нан талап етілетін міндеттердің бірі – азаматтардың конституциялық құ­­­­қығын қорғауда қоғамдық қауіп­сіз­­­діктің сервистік моделін меңгере оты­рып, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, халықпен ашық диалог орната білу. Бұл мақсатта 2021 жылдың наурыз айында Алматы академиясының базасында ішкі істер органдарының басшы құрамын және орта басшы құрамын даярлайтын екі факультет ашылған болатын. Оны ашпас бұрын оқыту процесін жетілдіру үшін шетелдердің озық тәжірибесіне сүйеніп, кәсіби білім берудің ұтымды механизмдерін зерделедік. Аталған факультеттердің ең басты тиімділігі – құқық қорғау органдарындағы реформаларды жергілікті жерден бас­тап жүзеге асыра алатын, кәсіби бас­шылар даярлау. Қазіргі уақытта құ­қық қорғау органдарына қойылатын ерек­ше мін­деттерді талапқа сай орын­­дау, полиция мен қоғам арасын­да әрiп­тестiк орнату, яғни полиция қызметінің жаңа стандарттарына кө­шу­ді жергілікті жерлерде жүзеге асыратын аталған факультеттерді бітірген басшылар болмақ. Сондықтан да ішкі істер орган­дарының жоғары және орта буын басшыларын даярлайтын факультеттерге қабылдау қатаң конкурстық жүйеде жүзеге асырылады.

Алматы академиясының №1 және 2 факультеттерін ойдағыдай аяқ­­тау жоғары лауазымдарға таға­йын­­далудың шарты болып табыла­ды. Факультеттер ашылғаннан бері білім алған түлектер Солтүстік Қа­зақ­стан, Павлодар және Атырау об­лыс­та­рын­дағы облыстық полиция де­пар­та­менттерінің бірінші басшысы лауазымдарына тағайындалды. Со­нымен қатар 5 тыңдаушы полиция де­пар­та­менттері басшыларының орын­ба­сары лауазымына тағайын­далды.

Мұнда оқығандар полицияның бі­рінші басшысына қажет менедж­мент, әкімшілік-шаруашылық қыз­мет, қаржылық-құқықтық сауат­тылық саласынан да арнайы білім алып шы­ға­ды. Сонымен қатар дағдарыстық жағдайда бірінші басшы ретінде қа­лай әрекет етудің тиімді жақтарын да оқып-үйренеді. Мысалы, биылғы қаңтар оқиғасы кезінде факультеттің түлектері өздерінің басқару қабілет­терін іс жүзінде көрсете білді. Олар оқыту барысында сіңірген заңды­лық пен тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Қазақстан халқына деген адал­дығын, психологиялық күйзеліске төзім­ді­лі­гін және басқа да қасиеттін іс жү­зінде пайдалана алды деп сеніммен айтуға болады.

Тағы бір атап өтетін мәселе – факультет тыңдаушыларына HR менед­ж­мент, шешендік өнер, бұқа­ра­лық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері жайлы да білім беріледі. Се­бебі қазіргі басшылардан халық ал­дында шешен сөйлей алу мен БАҚ-пен шебер байланыс орнату талап етіледі. Кезінде ата-бабаларымыздың от тілді шешендердің бірауыз жүйелі сөзімен бір елдің дауына нүкте қой­ған қасиетке ие екенін ескерсек, бұл қасиеттің қадірі қазір арта түс­­песе кеміген жоқ. Сондай-ақ ішкі істер органдарының барлық жұ­мыстары мен реформаларын ха­­­лыққа жеткізетін – бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан басшы кадрлардың БАҚ-пен іскерлік байланыс орната алуларының ма­ңызы зор.

Аталған факультеттер ашылған уақыттан бері жоғары басшы құрамды оқытатын №1 факультетті 19 адам, орта басшы құрамды даярлайтын №2 факультетті 39 адам бітіріп шықты.

Полиция қызметкерінің жаңа стан­дартын бекіту, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерту болса, бұл орайда білікті де білімді ма­мандар даярлаудың атқаратын рөлі зор. Кадр әлеуетін арттыруға оқу орындарындағы оқыту процесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетіл­ді­рудің нәтижесінде қол жеткізуге болады. Өйткені білікті кадрлар даяр­лау – ішкі істер органдары жүйесін реформалау мен дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Алматы академия­сында магистратура мен докторан­тура бойынша білім алу мүмкіндігі де бар. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бейін­дік және ғылыми-педагогикалық магис­тра­тураға, сонымен қатар PhD док­то­ран­­­­турасына қабылдайды.

Бүгінде діни экстремизмнің қаупі туралы жиі айтылып жүр. Бұл орайда академияның экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығында маңызды дәрістер ұйымдастырылып, арнайы мамандар дін мен саясаттың өзара байланысын қарастырып, экстремизмнің мәнін тек философиялық және тарихи тұрғыдан ғана емес, саяси тұр­ғыдан да талдайтын сабақтар өту­де. Мұнда діни экстремизмнің саяси аспектілері мен оның пайда болу себептерін түсіндіреді. Сабақ барысында тыңдаушылар терроризмді насихаттайтын негізгі интернет сервис­тер және оларды бұғаттау тәсілдерін, WhatsApp, Viber, iMessage, Facebook сияқ­ты танымал мессенджерлерде шифр­лау әдістерін үйренеді. Ақпарат алмасу мен сауданың негізгі алаңы болып табылатын әлеуметтік желілер мен әртүрлі интернет платформаға қа­тысты мұндай білім түлектер үшін өте қажет.

Қазір цифрлану дәуірі десек, бұл орайда IТ мамандарын даярлауға да ерекше назар аударылмақ. Бүкіл әлемді тығырыққа тіреп отырған киберқылмыстардың алдын алуда, ашуда осы саланы жақсы мең­гер­ген мамандар ішкі істер органдарына ауадай қажет. Осы талап үде­сінен шығу мақсатында интер­нет алаяқтық саласындағы қылмыс­пен күрестің өзектілігін ескере отырып, криминалдық полиция бөлім­де­рінің мамандарына арналған білік­тілікті арттыру курстарында кибер­қыл­­мыстарды ашу тәсілдері оқы­ты­лады. Академияда сондай-ақ «Детектив» және «Жедел іздестіру – із кесуші» атты ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Ғылыми үйірмелердегі сабақ­тар магистратура мен докторантурада оқитындар мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Академияның оқытушы құра­мының білімін жетілдіруге де баса назар аударылады. Бұл орайда «Бо­ла­шақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өту жүйелі жолға қойылған. Бүгінде екі оқытушы аталған университетте үш айлық тағы­лым­дамадан өтіп, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметімен танысуда.

Академия АҚШ, Германия, Фран­ция, Италия сияқты елдердің поли­ция қызметкерлерінің кәсіби білік­тілігін арттырудағы «Халықпен жұмыс» арнайы теориялық курсын басшылыққа алып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар оқу орнында Қазақстан полициясының беделін көтеру мақсатында да түрлі имидждік жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар Жаңа Қазақстан құру жолында бел­сенді түрде қолға алынып жатқан іс-шаралар аясында қарқын ала түсті. Дегенмен полицияның беделін арттыру аясында олардың әлеуметтік жағдайын арттыру мәселесі үнемі жалғасын тауып отыруы керек.

Қазіргі уақытта ішкі істер орган­дарындағы ведомстволық оқу орындары педагогтерінің мәртебесін кө­терудің тағы бір алғышарты – олар­дың еңбекақы мөлшерін арттыру. Бұл бізге педагогикалық қызметке тәжірибелі мамандарды тартуға мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар ішкі істер органдары қызметкерлерінің ішінде пәтер жалдап тұратындарға өтемақы төлеу жеңілдігі ведомстволық оқу орындарының қызметкерлеріне де көрсетілсе, жас мамандардың жұмыс істеуге деген құлшынысын арттырып, ғылыми және оқытушылық қыз­­метпен кәсіби түрде айналысуға мүм­кін­дік тудырар еді.

 

Айдар САЙТБЕКОВ,

ІІМ Алматы академиясының басшысы, полиция полковнигі