• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2022

Басшыларға жауапкершілік жүктейді

167 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлығы көптің қолдауына ие болғаны белгілі. Құжатта «ерлер мен әйелдерге қатысты тең құқықтар мен мүмкіндіктер» қарастырылғаны қуантып отыр. Бұл нақты бір шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органдардағы әйелдерге де аса қажет.

Екінші бір мәселе: біздің заң­на­­мада «дискриминация» ұғымы әлі жоқ. Конституцияда да бұл өте шек­­теулі ерек­шелігі бар анықтама бо­лып тұр. Негізгі заңда: «Тегі­­не, әлеу­мет­тік, лауазымдық және­ мү­­лік­­тік жағ­дайына, жынысы­на, нәсі­ліне, ұлтына, тіліне, дінге көз­­қа­­­ра­сы­­на, наны­мына, тұрғылықты же­­ріне немесе кез келген басқа жағ­да­й­­­ларға бай­ла­ныс­ты ешкімді кем­сіту­ге болмай­ды» деп нақты жазыл­ған. Ал бізде жа­­лақы, олар­ды жер­гі­­­лікті жерлерге ұсы­ну жа­ғынан да, үне­мі физи­ка­­лық, жы­ныстық, пси­хо­ло­гиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы тұрғысынан да әйелдерге тең дәрежеде қарау үрдісі, өкінішке қарай, әлі қалыптасқан жоқ.

Қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне сүйене отырып, Прези­дент жыныстық белгісі бойынша кем­с­іту­шілікті жою жөніндегі шараларды әзірлеуге баса назар аударғаны қуантады.

Осыған қарай адамдардың өз пі­кірін ашық айтуына мүмкіндік бе­ріл­гені жөн болар еді деп санаймын. Өйт­кені біз жай ғана өзіміз айта бермей, шынымен де елге тиісті жағ­дай жасайтын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуымыз керек. Мысал ретінде Алматы қаласы Же­тісу ауданының әкімі Гүлнар Көке­бае­вамен болған кездесу туралы айт­қым келеді. Маған көп­шіліктің алдында микрофон алып, пікірін біл­діргісі келетіндердің бәрі билік өкі­ліне қандай мәселемен жү­гін­гені ма­ңызды емес екендігі ұнады. Әкім олар­­дың мәселелерін шын мәнінде де естіді деп ойлаймын. Қалай болғанда да, олар «Сіз уәде бер­діңіз, бірақ орын­да­мадыңыз» деп айт­қан кезде, аудан бас­шысы бұл мәсе­леге тағы да назар ауда­руға уәде берді.

Егер мұндай кездесулер тұрақты түрде өтетін болса, онда мемлекет те шын мәнінде «еститін» болады. Сондай-ақ басшылар көкейкесті мә­се­лелерді бірден шешуге дағдылана түседі. Сол арқылы біз дамудың жаңа дең­гейіне көтеріле аламыз. Әрине, жур­налистер де өз ойларын ашық айтса дейміз. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бел­гі­лі бір дерек бойынша баға бере алады.

Мигранттардың, азаматтығы жоқ адам­дардың және босқындардың құқық­тары туралы тармаққа келетін бол­сақ, бұл өзгерістер ең алдымен, Украи­надағы оқиғаларға байланысты қолға алынып отыр. Ел болған соң бізге де қатысы бар. Елімізде құжатсыз өмір сүріп жат­қан адамдардың саны әлі де көп. Жарлықта осы мәселеге ай­­рық­ша ден қойған.

Жалпы, Жарлыққа зер сала оты­рып, оң өзгерістер көп екенін, Мем­ле­кет басшысының жаңа қадам­дар­ға тәуекел етуге дайын екенін бай­қа­дым.

 

Зүлфия БАЙСАҚОВА,

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі