• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2022

Саяси және әлеуметтік құқық үстем болады

425 рет
көрсетілді

Конституцияның идеялық әлеуеті екі бағытты көздейді. Біріншісі – қоғамдық процестерді демократияландыру, мемлекеттік аппаратта және мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасында болатын процестер.

Конституциялық даму парадигмасына енгізілген тағы бір маңызды идея – мемлекеттік инс­титуттар біз куә болып отырған ішкі және сыртқы қазіргі заман­ғы сын-қатерлерді ескере отырып, үлкен құқықтық қабілетке, бә­се­кеге қабілеттілікке ие. Бұл аспектіде Президенттің рөлін, оның мемлекеттік билік жүйе­сін­дегі өкілеттіктерін шектей­тін нор­маларға ерекше тоқталу керек.

Егер осы іс-шараларға ғы­лыми, тұжырымдамалық сипат­тама тұрғысынан мән беретін болсақ, онда Президент Конс­титуция кепілінің рөлін кү­шей­ту жолын таңдады деп айта аламыз және мұнда ол тек ел­дің бас­шысы, Ата Заңымыз­ға ен­гізілген конституциялық құндылықтардың кепілі ғана емес, сонымен қатар конститу­ционализм идеясының кепілі ретінде әрекет етеді. Мәселе Мем­лекет басшысының өкілет­тіктерінің көлемі қысқарып қана қоймай, биліктің басқа тармақтарының, Парламенттің, мәслихаттардың күшеюіне байланысты. Сонымен бірге мемлекеттік билік жүйесінде жеке тұлғаның құқықтық қор­ғалуын күшейтетін ережелер қарастырылған.

Еліміз үшін конституциялық мәртебеге ие іргелі институттар пайда болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Конституциялық сот, яғни билік жүйесінде адам бар, азамат өз құқықтарын қор­ғаудың кең мүмкіндіктеріне ие болады. Бұл тұрғыда кейіннен Конституциялық сот туралы дербес конституциялық заңдарды, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңды қабылдау көзделген. Сонымен қатар прокуратура үшін конституциялық мәртебе қарастырылған.

Ел Конституциясына саяси кеңістігімізді демократия­ландыру, жаңғырту жағына өзгертетін бірқатар маңызды түзету жасалды. Азаматтардың саяси, әлеуметтік салалардағы құқықтары кеңейтіледі. Жаңа құқық қорғау институттарының қатары артып жатыр. Билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі құ­рылады. Осы Конститу­ция­лық түзетулер мен тиісті конс­титу­ция­лық заңдар қабыл­да­ған­нан кейін азаматтар құқық­тық тұрғыдан көбірек қорға­латын болады.

 

Индира ӘУБӘКІРОВА,

заң ғылымдарының докторы