• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Тарих 31 Мамыр, 2022

Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мың адам ақталды

569 рет
көрсетілді

Елімізде прокурорлық қадағалау тәртібімен қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам азамат ақталды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Ақталған азаматтардың көбі кезінде жер аударылған және күштеп көшірілген. Бұл туралы Мемлекеттік хатшының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы берген сұхбатында айтылды.

Ерлан Кариннің мәліметінше, 2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым бар. 261 адам жабық мұрағаттарда жұмыс істеген. Архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі жасалған. Құпиясыздандырылған құжаттар ғылыми тұрғыдан өңделіп, цифрлық форматқа көшірілуде. Алдағы уақытта қуғын-сүргін бойынша тарихи материалдарды бір жерге топтастыратын арнайы портал құру көзделіп отыр.

 Салтанат Кенжебай