• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Маусым, 2022

Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген

1283 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделсе, 58 млрд теңге - игерілмеген. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,1%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Сонымен бірге бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделген, 58 млрд теңге игерілмей қалған», деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Игерілмеудің анағұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде байқалды. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттардың кеш ұсынылуы.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,5 трлн теңгені құрады. 61 млрд теңге атқарылмай қалған.

«Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілген. 17 млрд теңге атқарылмай қалды, оның ішінде 4 млрд теңге үнемделсе, 13 млрд теңгесі игерілмеген», деді Е. Жамаубаев.

Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында байқалады. Оның негізгі себептері - төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы.

Аяна Тоғанбек