• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2022

Өңірдің дамуында оң өзгеріс көп

276 рет
көрсетілді

Облыс болып құрылған төрт жылдың ішінде халқының саны 285 216 адамға көбейіп, 2 269 185-ке жеткен Түркістан облысында экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артып, 2,8 трлн теңге болған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс көп.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бо­йынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев төрт жылда өнеркәсіп өнім көлемі 1,6 есеге артып, 707,8 млрд теңгеге жеткенін атап өтті. Бұл мерзімде ауыл шаруашылығы өнімі 1,7 есеге артып, 906,5 млрд теңге болған, 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілген, облыс бюджетінің көлемі 1,7 есе өсіп, 970,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ облыс әкімі өңірдің индустриялық аймақтарында жалпы құны 32 млрд теңге болатын 44 жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 368 жұмыс орны ашылғанын айтып өтті. «Биыл құны 4,2 млрд теңгені құрайтын 246 жаңа жұмыс орнын ашумен 6 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда 793 млн теңгеге 2 жоба іске қосылып, 36 жұмыс орны құрылды. Жалпы, өнеркәсіп өнім көлемін 2022 жылдың қорытындысымен 751,3 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Қазіргі кезде өндірістегі бірнеше ірі жоба қолға алынды. Мысалы, Ордабасы ауданында 2 млн тонналық мұнай өңдеу зауыты бар, биыл көмірден жанар-жағармай шығаратын зауыт қолданысқа беріледі, Түлкібас ауданында цемент өндіретін зауыт, химиялық заттар шығаратын зауыт ашылады. Түркістан төңі­регінде арнайы экономи­калық аймақ құрып, өзбек­стандық инвесторлармен келісіп, күнделікті тұты­на­тын тұрмыстық техника жасау бойынша зауыт салу жоспарланған. Ресейлік инвестор Келес ауданында 500 гектар жерге ірі жылыжай салады. Өндірістік орындар болмаса, өңір дамымайды. Сондықтан осыған басымдық беріледі», деді Өмірзақ Естайұлы. Өңірде 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. «Қарапайым заттар экономикасы» арқы­лы 42,9 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданған болса, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқы­лы 2,2 млрд теңгеге қол­дау көрсету жоспарланып отыр. Шағын және орта бизнесті қолдау шарала­ры арқылы өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңге болған. Ал ауыл шаруашылығында 199,3 млрд теңгенің өнімі өндіріл­ген. Биыл егіс көлемі 851 мың гектар болып, өткен жылдан 5 500 гектарға ұлғайды. Қосымша 26 600 гектарға жылыжайлар салынып, алаңы 1 494 гектарға жеткен. Мал мен құс басы және өнімділік орташа 3-4%-ға артуда. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бо­йынша 8 400 гектарға 3 мың жоба жүзеге асырылып, 145 500 тонна көкөніс өнімі жиналды. Биыл 3,1 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау жоспарланып отыр. Түркістан қаласы аумағында азық-түлік бел­деуін қалыптастыру аясында құны 34,3 млрд теңге болатын 5 серпінді ірі ин­вес­тициялық жобалар жүзеге асырылуда. Тұрақтандыру қорының есе­бінде құны 327,6 млн теңге 3 615,8 тонна тауар бар. Бұған қоса қосым­ша 1 млрд теңге қаржы бөлі­ніп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 12 түрін алуға бағытталмақ. Сон­дай-ақ тұ­рақтандыру қорын толық­тыру үшін 136 тонна қант сатып алын­ған. Жалпы, жыл қоры­тын­ды­сы­мен ауыл шаруашылығы өнімі­нің көлемі 1 трлн теңгеге, өсім қар­қы­ны 104%-ға жеткізілетін болады.

Облыс әкімі, сондай-ақ өңір­дегі өзекті мәселенің бірі – жайылым тапшы­лығына тоқталды. Облыс бо­йынша жалпы жайылым жер көлемі – 8 864,7 мың гектар. «Шаруашылық жүргізуші кәсіп­орындар үшін жайылым жер жеткілікті. Не­гіз­­гі мәселе елді мекен­дер­­дегі жұртшылық ша­руа­шылығындағы мал ба­сына қажетті ортақ жайы­лым­ның тапшылы­ғында болып отыр. Өткен жыл­дың басында жа­йылым тапшылығы 7 164,7 мың гектарды құраған. Бұл мәсе­лені шешу мақсатында әрбір ауылдық округтер бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есептік мерзімге жайылым тапшылығы 3 119,8 мың гектар болды. Өткен жылы 133 елді мекенге 135,8 мың гектар жайылым жер ортақ жайылымға бекітіліп берілді. Биыл елді мекендердегі ортақ жайылым жерлерін қосым­ша 101,2 мың гектарға ұлғай­ту жоспарланып, есептік мерзімге 149,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамта­масыз етілді. Өңірдегі елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі жос­парына сәйкес кезең-кезеңімен ортақ жайылымды 2 896,2 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда», деді Ө.Шөкеев.

Облыс бойынша 2020-2025 жылдары 323,3 млрд теңгеге, 4 823 жаңа жұ­мыс орнымен, 34 ин­вес­­ти­­циялық жоба енгізілген. Об­лыс құрыл­ған­нан бері құ­рылыс саласы едәуір дамып, нәтижесінде құрылыс жұ­мыстарының көлемі 2021 жыл­дың қорытындысымен 2,3 есеге артып, 322,9 млрд тең­­геге жеткен. Биылдың қоры­­тын­дысымен құ­рылыс жұ­мыстары 329,3 млрд теңге мөл­шерінде жос­парлануда. Жыл басынан пайда- ­лану­­­ға берілген тұрғын үйдің жал­­­­пы алаңы 191,5 мың шаршы метр болып, өткен жыл­дың сәй­кес кезеңі­не 17,7%-ға артты. Сон­дай-ақ облыс әкімі тұрғын­дар­ды сапалы ауыз сумен, табиғи газ­бен қам­ту ба­ғытында атқары­лып жат­қан жұ­мыстарға кеңінен тоқталды.

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету – бүгінгі басты талаптың бірі. Бұл орайда туризм саласына былтыр 102 млрд теңге инвес­­тиция тартылған. Өңірде Түркіс­­тан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудан­­дары бағытында тарихи-таным­дық туризм, Сарыағаш курор­ты аумағында емдік-сауық­тыру туризмі, Түл­кібас, Төлеби, Қазығұрт аудан­дарында эколо­гиялық туризм түрлері қарқын­ды дамып келеді. Соның бірі ре­тінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше «Қасқасу турис­тік-рекреациялық ке­шені» жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ облыс әкімі 2022 жылдың 5 айы­ның қоры­тындысымен Түркіс­тан қа­ласына біркүндік келу­шілер саны былтырғымен салыс­­тыр­ғанда 29 574 адамға артып, 296 919 болғанын айтып өтті. Төрт жыл­да қалаға тартылған инвестиция көле­мі 8 есеге артып, жалпы 793,2 млрд теңгені құраған. Оның 50%-ға жуығы, яғни 389,4 млрд теңге – жеке инвес­­­тициялар. Түр­кістан қала­­сын дамытудың 2-ке­зеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн теңге, оның 1 трлн теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар болып табылады. Яғни бюджеттен бағытталған 1 теңгеге жеке инвестициялардың 3 теңгесі тиесілі.

Баспасөз конференция­сы барысында облыс әкі­мі Кентау қаласының Түр­кістанмен қатар дамитынын жеткізді. Мектеп жетіс­пеушілігі мәселесі де жур­налистер сұрағына арқау болды. Бұл орайда облыс әкімі 2021-2025 жылдар аралығында өңірде 200-ге жуық мектеп бой көтеретінін атап өтті. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд теңгеден астам қаржы қаралды. Ал облыс орталығы Түркістан қаласында 2025 жылға дейін 10-нан астам мектеп салынады деп жос­парлануда. Сондай-ақ облыс әкімі ел газеті «Егеменде» көтерілген Қажымұқан Мұңайтпасұлы атын­дағы мемориалдық кешен­нің құры­лысына қатыс­ты пікірін білдірді. Өңір­дегі ақсақалдар бастамасы­мен қолға алынып, ірге­тасы қаланған кешеннің құры­лысы Үкіметтен қаржы бөлін­бегеніне байланысты тоқтап тұр. Дегенмен Ө.Шө­кеев басталған іс биыл бол­маса келесі жылы жалғасын тауып, аяқтау мақса­тында жұмыс жүргізіле­тінін, ме­мориалдық кешеннің жас ұрпақ үшін тәрбиелік ма­ңызы зор екенін айтып өтті.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арт­тыру бас­ты мақсат екенін мәлімдеген Өмір­зақ Шө­кеевтің дерегінше, жаңа кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жы­лы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн тең­геге жет­кізіледі, өңірдің әлеумет­тік-экономикалық дамуына ба­ғытталған жұмыстар жалғасады.