Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды.