• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2022

Кемел ойлы, кең жүректі алып адам

356 рет
көрсетілді

Биыл туғанына 110 жыл толып отырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ұзақ уақыт бойы Қазақстанды байыпты басқарған, дархан даламызда бой көтерген көптеген қала мен небір сәулеті, сәні келіскен, көз тартып, көңіл сүйсіндіретін әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық нысандардың авторы деген атты алған, татулықты ту еткен көпэтносты халқыменен мақталған заманымыздың заңғар биік тұлғасы екендігі анық.

Димаш атаның кісілік кел­беті, даналықпен біте қай­насқан қайраткерлік қалпы, алыстан арна тартқан ақыл-парасаты, биік білім-білігі өз тұстастарын қайран қал­ды­рады екен. Әсіресе аса қа­­­­­рапайымдылығын, өте кі­ші­­пейілділігін, елмен етене, емен-жарқын сөйлесе біле­тін­­дігін көзімен көргендер жыр қылып айтады. Бұл тама­ша қасиеті талай жазушы, журналистердің қаламы ар­қылы да қалың жұртқа кеңінен таралды.

1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық пар­тия комитеті ғимаратының алдында түсірілген, жеке мұра­ғатымызда сақталған мына суретте де кемел ойлы, кең жү­ректі асыл азаматтың халықпен жүздесуінің бірі бейнеленген.

...Үлкен кісіні қуана қар­сы алған қарапайым ауыл қариялары, ақ жаулықты ана­­лар, жалынды жастар, жі­­гер­лі жігіттер, қырмызы қыз­­дар, балауса балалар... Бә­рі де Д.Қонаевқа ақ ті­ле­гін ар­­­нағысы келеді, бар­лы­ғы да оның жылы лебізін ес­ті­гісі ке­леді... Тіпті ай­на­­­ла­сын­­­­да­ғыларды үрей­лен­діре үр­кітіп, жанына жақындат­пай­тын оққағарлары жоқ екен­дігін айтсаңызшы!..

Димекеңнің артқы жа­ғында екінші тұрған Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан марқұм Хасен Бектұр­ғанов. Суреттің авторы, жа­ңылмасақ, ҚазТАГ-тың сол кездегі фототілшісі Геннадий Кошкинцев.

Иә, Д.Қонаев осы жылы алыстағы аудан – Мойынқұмға барған болатын. Сол сапарында республика басшысы аймақтың жай-күйімен жан-жақты танысқан, аудан ор­талы­ғына таяу жердегі Фур­манов атындағы, сондай-ақ «Тал­дыөзек» совхозының мал қыстауларын аралап, мал­шы­лардың еңбек және тұр­мыс­тық жағдайына жіті назар аударған, соғыста қаза тап­қан боз­­дақтарға арналған ескерт­кіш-обе­лискіге гүл шоқ­тарын қойған.

Сонымен қатар малшылар­дың маршалы, қос жұлдызды Жазылбек Қуанышбаевпен, Социалистік Еңбек Ерлері Діл­даш Итбасовамен, Шоман Шә­ріпбаевпен және 1917 жылдан партия мүшесі, «латыш атқышы», кезінде жазықсыз қараланып осы құмды өлкеге жер аударылып келген Вилис Мартынович Крастинмен әңгімелескен.

Димаш атамыз, мұнымен бірге, аудандық музейді, кә­­сіп­­тік-техникалық учи­­ли­щені, Сәкен Сейфул­лин атындағы кинотеатрды асықпай ара­лап көріп, халық­пен жүздес­кен.

Бұл, шын мәнінде, мойын­құмдықтар үшін ұмытыл­май­тын оқиға болып еді.

 

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

журналист

 

Алматы облысы,

Қарасай ауданы