• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Қазан, 2022

Қабылданған үш қаулы

203 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттыққа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.

Нұрлан Әбдіровтің төраға­лығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында президенттікке кандидат Жұматай Әлиевтің сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевке қатысты сайлау туралы Конс­титуциялық заңның 59-бабы­ның талаптарына сәйкес ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберіл­ге­нін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Жұматай Әлиевке Қазақстан Рес­публикасы президенттігіне кан­дидат ретінде тіркелуге ке­дер­гілер жоқ екені анықталды.

Бас прокуратураның Құқық­тық статистика және ар­найы есепке алу коми­тетінің мәліметінше Жұматай Әлиев Қазақ­стан Республикасының прези­дент­тігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Жұматай Әлиев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстанда соңғы 70 жыл бойы тұрады. Мемлекеттік қызметтегі және сай­ланбалы мемлекет­тік лауа­зым­дардағы жұмыс тәжіри­бесі – 6 жыл 9 ай. Әділет министрлігі ұсынған деректерде президенттікке кандидатты ұсынған «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 12 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгергені расталды. Жоғары білімі бар (дипломның түпнұс­қасымен салыстырып тексеру жүргізілді).

Сонымен қатар Орта­лық сайлау комиссиясы Нұр­жан Әлтаевтың Қазақ­стан Респуб­ликасының президент­тігіне кандидаттыққа сәйкестігін белгілеу рәсімін тоқтатты.

Орталық сайлау комиссия­сының кезекті отырысында Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың сәйкестігін анық­тау мәселесі қаралды. Күн тәрті­біндегі мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шав­кат Өтемісов баян­дама жасады. Ол Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңының 59-бабының талаптарына сәй­кес ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар салулар жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевқа қатысты Қазақстан Республикасы президенттігіне кан­дидат ретінде тіркелуге ке­дер­гілер жоқ екені анықталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сай Нұржан Әлтаев Қазақстан Республикасының Президентті­гіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келеді. Ішкі істер министр­лігі Нұржан Бауыр­жанұлы Әлтаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстанда соңғы 44 жыл бойы тұрады. Мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 5 жыл 2 ай. Әділет министрлігі ұсын­ған мәліметтерге сәйкес Қазақ­стан Республикасының президент­тігіне кандидатты ұсынған «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет ми­нистр­лігінде тіркелгені туралы құжаты бар. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізін­де мемлекеттік тілді еркін мең­гер­ген. Жоғары білімі бар.

Сонымен қатар 2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Респуб­ликасының Орталық сайлау комиссиясына Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының «Мұқалмас» РҚБ жал­пы жина­лысының Қазақ­стан Респуб­ликасының президент­тігіне кандидат ұсыну туралы 2022 жылғы 6 қазандағы №19 хатта­масының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті. Соттың шығар­ған шешімі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 76-бабының 3-тар­мағына сәйкес кандидат Әлтаев Нұржан Бауыр­жан­ұлының Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігін белгілеу тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованың Қазақ­стан Республикасы­ның президент­тігіне кандидаттық­қа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойын­ша Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол Қазақ­стан Республикасы прези­дентті­гіне кандидат Салтанат Тұрсын­бековаға қатыс­ты сайлау туралы Конс­ти­туциялық заңының 59-бабы­ның талаптарына сәй­кес ОСК уәкі­летті мемлекеттік органдар­ға тиісті сұрау салулар жібе­ріл­генін хабарлады. Құзы­ретті мемлекеттік органдардан кел­ген мәліметтерге сай азамат Салтанат Тұрсынбекова­ға Қаза­қстан Республикасы президент­тігіне кан­дидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Бас прокуратураның Құ­қық­­­­тық статистика және ар­на­йы есепке алу коми­теті­нің мәліме­тін­ше Салт­анат Тұрсынбекова Қазақ­стан Респуб­ликасының прези­денттігіне кандидаттарға қойылатын Консти­туция мен «Қазақстан Республи­касындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келеді. Ішкі істер министрлігі­нің мәліметіне сүйенсек, Салта­нат Тұрсын­бекова тумысынан Қазақстан Рес­пуб­ликасының азаматы, Қазақ­станда соңғы 23 жыл бойы тұрады. Мемлекеттік қыз­меттегі және сайланбалы мемле­кеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 22 жыл 10 ай. Әділет министрлігі ұсынған деректерде президенттікке кандидатты ұсынған «Қазақ аналары – дәс­түрге жол» республикалық қоғам­дық бірлестігінің Әділет ми­нистр­лігінде тіркелгені туралы құ­жаты бар. Лингвистикалық комис­сияның 2022 жылғы 12 қа­зандағы қорытындысы негізін­де мемлекеттік тілді еркін меңгер­гені расталды. Жоғары білімі бар.