• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Қаңтар, 2023

Адам өмірін жеңілдетуге жұмылуға тиіс

221 рет
көрсетілді

Үкімет үйінде мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту және қоғам өмірінің барлық қырларын цифрландыру мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары –Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, осы ведомствоның вице-министрлері және орталық мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары қатысты.

Ғ.Қойшыбаев цифрлық технологияларды енгізу жә­не бюрократиядан арылту мем­лекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырып қана қой­май, бірінші кезекте қазақ­стан­дықтардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап көрсетті.

«Биыл дебюрократизация­лау және цифрландыру мәсе­лелерінде бірқатар серпінді қа­дамдарды жүзеге асыруымыз керек. Ең алдымен, мұнда ха­лықтың бірінші кезек­тегі қа­жет­тіліктеріне ерекше назар аударған жөн. Бұл жұ­мыс Мем­лекеттік аппарат­тың қыз­метін бюрократия­дан арылту жөніндегі жар­лық­ты және Президенттің Сайлау­алды бағдарламасын орындау шең­берінде кешенді түрде жүр­гізілуде», деді Ғ.Қойшыбаев.

Аталған міндеттерді шешу қалай іске асырылатыны туралы Б.Мусин баяндады. Мәселен, жасалып жатқан жұмыстың барлығы адамның мүддесіне қызмет етуі керек.

«Біз цифрландыру әрбір қазақстандыққа бағытталуға тиіс екенін түсінеміз. Онлайн-ре­жімде автокөлікті қайта рәсімдеу, туу туралы куәлік алу сияқ­ты азаматтарымыздың өмірін едәуір жеңілдеткен жұ­мыс­тар іске асырылуда. Алай­да әрі қарай даму ке­рек. 10 негізгі өмірлік жағ­дай­ды анық­тадық, оларды толы­ғымен қарастырып, өзіміз үшін проактивті мемлекеттік қыз­меттерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыратын негізгі сәттерді белгіледік», деді Б.Мусин.

Сонымен қатар министр мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға және бизнеске әсер ететін бюрократиядан арылту процесінің үш негізгі бағытын белгіледі. Мәселен, мем­лекеттік қызметшілер үшін деректер негізінде шешім­дер қабылдауды жеделде­туде есеп беруді автоматтан­дыру, азаматтар үшін Отбасының цифрлық картасын (құжаттарды қа­жет етпейтін проактивті қыз­мет­тер) енгізуді, бизнес үшін таза парақтан реттеуді жүргізу жос­парлануда.

Кеңесті қорытындылай келе, Ғ.Қойшыбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне цифрлық трансформацияны ілгерілетудің маңызды екенін еске салды.

«Бюрократиядан арылту тек мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетумен ғана шектелмеуі керек. Оны еліміздің азаматтары өздерінің күнделікті өмірінде сезінуге тиіс. Бұл мәселені шешу үшін біз адамның мүддесіне бағытталған тәсілді жүзеге асырамыз, ол мемлекеттік аппараттың халықпен өзара іс-қимыл жасауына тікелей әсер етеді», деп түйіндеді Ғ.Қойшыбаев.