• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қаңтар, 2023

ИИДМ құрылыс саласындағы баға саясатын бекітті

293 рет
көрсетілді

Бағаны қалыптастыру тетіктерін жетілдіру аясында, сондай-ақ инфляциялық тәуекелдерді алдын алу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құн индексін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, құрылыстағы сметалық құнның өсуіне жол бермеу үшін жобалау-сметалық құжаттамадан прайс-парақтар алынып тасталған.

«Сметалық бағаның қымбаттауына жол бермеу үшін бірыңғай сметалық бағалардың жинақтары әзірленді. Бұл өз кезегінде сметалық құжаттаманы дайындау процесін жеңілдетіп, оның сараптау процесін оңтайландыра түседі», деді вице-министр.

ИИДМ баспасөзінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолайлы қоғамдық кеңістіктер мен инфрақұрылымды қалыптастыру үшін қалаларды кешенді салудың стандарттары әзірленді. 

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ