• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғалым 10 Сәуір, 2023

Ядролық физика мектебі

458 рет
көрсетілді

Ғылымдағы негізгі айналысатын салам – ядролық физикадағы заманауи материалтанудың жаңа бағыттарының дамуы. Кейбір адамдар ғылымның төркінін түсіне бермейді. Ал ядролық физика тіпті таңсық. 10-сыныпта оқып жүргенімде-ақ өзімнің кәсіби қызметімді физикамен, дәлірек айтсақ, ядролық физикамен байланыстырамын деп шешкен едім.

Бүгінде еліміздің және әлем­­­нің жетекші ғылыми орта­лық­та­рымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, заманауи материалтану ғылымының жаңа бағыттарын белсенді түрде дамытуға кірістім.

Аспирантураны бітіргеннен кейін ғылыми қызметім Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ядролық физика институтында басталды.

Алғашында ықыласым ауды.­­ DC-60 ауыр ионды үдет­кіш­­­­тің цикло­­трондық залы дис­­­­сер­­тациялық зерттеу тақы­ры­­бым бойынша зерттеу­лер жүр­гізу үшін тәжірибе алаңына айналды. Сол кездің өзінде, ал бұл 2006 жыл бола­тын, елімізде теңдесі жоқ технологиялық кешеннің зор әлеуеті айқын көрінді.

Алғашқы жылдары Ядролық физика институтының Астана филиалы қалыптасудың қиын кезеңін бастан кешірді. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі Қай­рат Қадыржанов пен техника ғылымдарының кандидаты, Атом саласының ең­бек сіңір­ген қайраткері Әділ Төлеу­шев­тің­ қамқорлығында болдым. Көп тәлім алдым, тәжі­рибе жинақ­та­дым.

Соның нәтижесінде, қазір трек мембраналарын әзірлеу және өзгерту, оларды ғылым мен технологияның ғылымды қажет ететін салаларында қолданудың ғылыми мектебінің іргесін қаладық. Трек (ядролық) мембраналар – тазартуды жүзеге асыратын сүзгілердің бір түрі. Олар сол циклотронда алынған полимерлі пленкалардан жасал­ған.

Бүгінгі таңда трек мембра­на­­­ларына негізделген сүз­гі­ ма­териалдары мен металл на­но­­­­­құрылымдарын құру ком­мер­­­­циялық жобасы аясында суды­ тазартуға арналған жеке сүзгі­­лердің қолданыстағы өн­дірісі жұмыс істей бастады. Нәтижесінде, ғалымдар суды тазар­­туға арналған сүзгілерді өн­ді­ріске енгізіп, пайда тауып жа­тыр. Барлық зерттеу DC-60­­­­ ауыр иондық үдеткіште жүр­­гі­зіледі. Бұл еліміздегі ал­ғаш­­­қы сүзгілер, оларды да­йын­­­­дау үлкен шығын­дарды қа­жет етпейді. Бұл бағытта ға­лым­дарымыз әлі де тынымсыз жұ­мыс­тар жүргізіп жатыр.

Әрине, ғалым болу оңай емес. Ол үшін өз кәсібіңді құлай сүюің керек. Сонда ғана ғылым сіз үшін бүкіл әлемнің есігін ашады.

Арманымды болжау мүмкін емес шығар, сірә. Дегенмен мен мемлекетімізді әлем­дік­ контекс­те­ пайдалы қазбалар қа­зы­­насы деп емес, бүкіл конти­ненттегі және жалпы әлемдегі ғылымның флагманы ретінде көрсе екен деймін. Бұған шыны­мен де қол жеткізуге болады. Тек көп және үнемі жұмыс істеу керек.

 

Максим ЗДОРОВЕЦ,

Инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, PhD