• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Депозит 12 Мамыр, 2023

Депозит өсімінің деңгейі

344 рет
көрсетілді

Биыл көктемге қарай отандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 16,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері көрсеткіш 1,2%, бір айда 0,4%-ға төмендеді (көрсеткіштердің төмендеуі қатарынан екінші айға созылды).

Жалпы, құлдырау аясында кейбір екінші деңгейлі банктер оң үрдісті сақтап қалды. Атап айтқанда, жыл басы­нан бері Bereke Bank халық депозиттері портфелінің өсімі бойынша көшбасшы болды: бірден 7,9%-ға кө­бейіп, 2023 жылдың 1 наурызына дейін 222 млрд теңгеге жетті. Бір айда қаржы институты портфелі 3,4%-ға ұлғайды. Еске салайық, биыл көктемде бұл отандық банк жеке тұлғалардың депо­зитіне қатысты бірқатар акция­ны іске қосты. Мысалы, қазір 30 сәуір­­ге дейінгі «Сенім» депозиті бо­йын­­­­ша науқан аясында 17,7%-ға дейін рекордтық ЖТСМ ұсынылады.

Жыл басынан бері депозиттердің өсімі бойынша екінші орында – «Фридом Финанс Қазақстан банкі». Ондағы салымдар 5,9%-ға көбейіп, 327,7 млрд теңге жеткен. Бір айда 0,2%-ды­ ­­­құраған.

Жыл басынан бері тағы 6 екінші деңгейлі банк өсім көрсетті: ВТБ бан­кі (5,7%), Home Credit Bank (4,7%), «Отбасы банкі» (4%), Al Hilal ислам банкі (3,4%), «Қазақстандағы Қытай банкі» (2,8%) және Қытай Сауда өнер­кә­сіп банкі (0,1%). Алайда ақпан айында бұлардың арасында 2 банктің – Al Hilal ислам банкі мен Қытай Сауда өнеркәсіп банкінің көрсеткіші тө­мен­деген.

Аталған барлық қаржы институтта­ры­ның ішінде Al Hilal ислам банкі де, қытайлық екі банк те, ВТБ банкі де біздің елдегі халықпен жұмыс іс­тей­тін негізгі ЕДБ болып саналмайды. Бұл банктердің әрқайсысының үлесі бөл­ш­ек депозиттер нарығының 0,1%-нан аспайды.

Шындығында, Қазақстандағы ха­лық­­қа депозит ұстанатын ірі банк­тер­дің ішінде тек Bereke Bank, «Фридом Финанс Қазақстан банкі», Home Credit Bank және «Отбасы банкі» жыл басынан бері және бір айда оң көрсеткіш көрсетті.

Жыл басынан бері 21 екінші деңгейлі банк­тің 13-і, ал ай қорытындысы бо­йынша 11-нің көрсеткіші төмендеді.