• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Маусым, 2023

Жаһандық бәсеке рейтингі

480 рет
көрсетілді

Халықаралық менеджментті дамыту институты (International Institute for Management Development (IMD) 1989 жылдан бастап жыл сайын «World Competitiveness Yearbook» (WCY) әлемдегі бәсеке қабілеті туралы есепті жариялап отырады. Аталған құжатта бәсеке қабілетінің әртүрлі қырын өлшейтін 330-дан астам өлшем негізінде 64 елдің көрсеткіші салыстырылады. Мұндағы нәтижелер 57 институт желісі, бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган және ғалымдар арасында жүргізілген сауалнама мен 6400 басшының жауа­бына негізделген.

Зерттеу нәтижесі 2023 жыл­ғы дағдарыс мем­ле­кет­­тер­дің бәсекелік қабі­ле­­тіне айтар­лық­­тай әсер ет­ке­нін көрсетті. Де­ректер көр­сет­кендей, қазіргі гео­­саяси ахуал күрделі жағ­дайда ішкі энергия өндірісі тұрақты, орныққан логистикасы және сау­да балансы бар аймақтар мен елдер өзінің бәсекеге қабіле­тін сақтай алды. Ал шикізат пен энергия импортына тәуелді елдер қиындыққа ұшырады.

Аталған зерттеуде мем­ле­кеттердің бәсекеге қабілеті төрт негізгі фактор бойынша бағаланады:

Экономикалық нә­ти­же: ішкі экономиканы макро­эко­номикалық бағалау, жұмыспен қамту мен инфляция үрдісі. Үкімет жұмысының тиім­ділігі: мемлекеттік саясаттың бәсеке қабілетіне ықпал етуі. Бизнестің тиімділігі: биз­нес-ортаның кәсіпорындар­ды инновациялық, табысты жә­не жауапкершілікпен жұмыс іс­теу­­ге ынталандыру деңгейі. Инфрақұрылым: мем­ле­кеттегі негізгі технология­лық, ғылыми және адами ресурс­тар­дың бизнестің қажеттілігін қа­нағаттандыру деңгейі.

2023 жылғы рейтингте Еуропа елдері тағы да алға шы­ғып, Дания, Ирландия, Швей­цария, Нидерланд, Швеция сияқты аймақтың 5 мемлекеті дамыған он экономиканың қатарына енді. Дегенмен Гер­мания, Франция және Ұлы­британия секілді державалар алғашқы жиырмалыққа енбей қалды. Рейтингтің көш басында нарық және сауда серіктестерімен қолжетімді жұ­мыс істейтін шағын экономи­калар тұр. Данияның позициясы бәсекелік қабілет бойынша төрт тұрақты көрсеткішіне негізделген (бизнес тиімділігі – 1, инфрақұрылым – 2, үкімет жұ­­мысының тиімділігі – 5). Ир­лан­­­дия рейтингте эконо­ми­калық нәтижесіне қарай же­тін­ші орыннан бірінші орын­ға шық­­ты. Швейцария бәсе­келік қабі­лет­тің барлық оң көрсеткіші­нің арқасында үшінші орын­да (Үкімет жұ­мысының тиімді­лігі және ин­фрақұрылым – 1, биз­нес тиім­ділігі – 7, экономика­лық нәтиже – 18) тұр.

Осы жылдың көш­бас­­шы­лары – салыстырмалы түр­де шағын экономикалар. Сәй­­ке­сінше қазіргі жылдам өзге­ре­тін жаһандық экономикада бұл оларға тез әрекет етуге мүмкіндік береді. Өйткені құбылмалы ортада бағдарла­ну икемділік пен бейімделуді талап етеді. Федералды жүйе проблемасы мен заң шығару үдерісінің баяулығы АҚШ эко­номикасының біртіндеп әлсіреуіне әкелді. АҚШ 1997 жылдан 2009 жылға дейін рейтингте 1-орында болса, 2017 жылдан кейін үздік үштіктен шығып қалып, 2020-2022 жылдар аралығында 10-орынға, 2023 жылы 9-орынға тұрақтады.

Қазақстан бәсекеге қабілеті бойынша өз орнын 2022 жылмен салыстырғанда 6 позиция­ға жақсартып, 37-орынды иелен­ді. Рейтингтегі негізгі 4 фак­тор­дың Үкімет жұмысының тиім­ділігі (23) және Бизнес тиім­ділігі (31) бойынша еліміз­дің көрсеткіші жоғары, ал Эко­номикалық нәтиже (57) және Инфрақұрылым (47) жағынан Қазақстанның дамуы баяу болып отыр.

Зерттеуде жетекші мем­ле­кеттердің көрсеткіші бойын­ша үкіметтерге келесідей нұс­қаулықтар берілген:

- Икемді басқару және на­рық­қа қолжетімділік азамат­тардың өмір сүру сапасын жақ­сартады.

- Үкіметтің өз халқының әл-ауқатын қамтамасыз ете алуы – басты табыс факторы.

Бұған үкіметтің, нарық көш­бас­шыларының экономикалық жағ­дайға және тұрақтылыққа қарай өз саясатын бейімдеуі кіреді. Жалпы, экономика да, жеке бизнес те икемділіктен пайда көреді, өйткені бұл құ­был­малы өзгерістерге жауап ретінде дәстүрлі емес шешім қа­былдауға және жоспарды өзгертуге мүмкіндік береді.

Жалпы, әлем мемле­кет­те­рінің бәсеке­лік қабілет рей­тингі жыл са­йын жарияланып отырады. Экономикалық нә­тиже, үкімет жұмысының тиімділігі, биз­нес тиімділігі мен инфра­құ­рылым сынды негізгі факторларды есепке алады. Ғалым­дар, сарапшылар мен саяси ше­шім қабылдаушылар үшін мемлекеттердің бәсекеге қабілеті туралы әлемдік дең­гей­дегі есеп. Аталған рейтинг са­рапшыларға мемлекеттер­дің даму динамикасын талдау­да, ғылыми сараптауда бірден-бір көмекші құрал болады.

Мемлекет

2019

2020

2021

2022

2023

Қазақстан

34

42

35

43

37

Қытай

14

20

16

17

21

Үндістан

43

43

43

37

40

Түркия

51

46

51

52

47

Моңғолия

62

61

60

61

62

 (Соңғы 5 жылдағы Қазақстанның рейтингтегі орны)

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы