• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 12 Шілде, 2023

Заңның ықпалды тетігі

274 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйытқы болуымен шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға байланысты көп жұмыс атқарылды. Енді, міне, көптен күткен заң да қабылданып отыр. Меніңше, бұл – уақтылы қабылданған, қазіргі қоғамға зәру заң. Оны жұртшылықтың жаппай қолдауынан да аңғаруға болады.

Заңның Әділетті Қазақстанды қалып­тас­тыру жолындағы бірнеше пайдалы тұсы бар. Біріншіден, құжат әлеуметтік әділ­дікті орнатады. Әсіресе жоғары лауазым­ды тұлғалар, қолында билігі бар басшылар мемлекетке тиесілі нәрсенің тек халық игі­лігі үшін ғана жұмыс істеуі керек еке­нін түсінеді. Екіншіден, шетелге заңсыз шы­ға­рылған қаржының бәрі қайтарылған соң, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұм­салады. Ол әу бастан-ақ осы бағытта жұ­мыс істейтін қаражат еді. Бірақ заңды белшесінен басқандардың кесірінен қолды болды. Енді әділдік орнайтын уақыт жетті.

Елге қайтарылған активтердің халық­тың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұм­салуын қадағалайтын арнайы ко­мис­­сия құрылмақ. Ал Бас проку­ра­тура жанын­да­ғы активтерді қайтару жө­нін­­дегі комиссия бұрынғыдай осы іс­те заңдылықтың сақ­талу­ын­ қа­да­ға­лай­ды.

Менің ойымша, алдағы уақытта әрбір адам мемлекеттік қызметке барған соң, оны баюдың мүмкіндігі, өзіне тиесілі емес нәрсені заңсыз жымқырудың жолы деген ойдан толықтай арылуға тиіс. Қа­былданып отырған заң да осындай келеңсіздіктерге жол бермеуді көздейді. Оның тағы бір артықшылығы – заңсыз ак­тивтерді қайтарудың негізгі тетігі ре­тін­де азаматтық тәркілеу институтының енгізілуі. Ол қолданыстағы қылмыстық және әкімшілік тәркілеу нормативтеріне қо­сымша енгізіліп отыр. Оның мақсаты – егер мемлекет мүлкін заңсыз иеленгендер тізіміне енсе, оны заңды жолмен алғанын дәлелдеуі керек. Бұл талаптың мерзімі өтіп кетпейді. Мейлі қай уақытта алынған дүние болса да, дәлелдеу міндет. Оны жасай алмай ма, мемлекетке кері қайтарады. Азаматтық тәркілеу қылмыстық тәркілеуді алмас­тырмайтынын айта кету керек. Екеуі қатар жүреді. Бұл тәжірибе Англия, АҚШ секілді елдерде тиім­ділігін көрсеткен.

 

Магеррам МАГЕРРАМОВ,

Мәжіліс депутаты