• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2010

ЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕРЕН БАЙЛЫҚ

533 рет
көрсетілді

“Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылаймыз “Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы” РМҚК қызметкерлері кәсіби патоло­гия­лық қызметтің одан әрі дамуы мен нығаюы қарастырылған, Қа­зақстан Республикасында ден­сау­лық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Са­ламатты Қазақстан” мемлекеттік бағ­дарламасын талқылады. Атал­мыш мәселе – экономикалық белсенді тұр­ғын­дардың 53%-нан зиянды және қауіпті еңбек жағдай­ларындағы жұмысшылар 44%-ды құрайтындығы жағынан маңызды. ҚР медициналық ұйымда­ры­ның номенклатурасына мем­ле­кеттік бағдарлама жобасын енгізе отырып, республикамыздың бар­лық орталықтарында дербес ма­ман­дандырылған кәсіби пато­ло­гия­лық кабинет құру жоспарланып отыр. Алғашқы медициналық – санитарлық көмектің дамы­ма­ған инфрақұрылымдық бөлім­ше­ле­рінсіз (облыстық кәсіби пато­ло­гиялық кабинет, қалалық ем­ха­налар мен медициналық бөлім­дер­дің кәсіби патологиялық ка­бинеті, өнеркәсіпте, кәсіпорындарда алдына ала және мерзімді меди­циналық тексерістерін жүргізуші медициналық ұйымдар және т.б.) медициналық қызметтермен неғұрлым толық қамтуға қол жет­кізу мүмкін емес. Кәсіби пато­ло­гиялық кабинеттердің мұндай жү­йе­сін құру зиянды өндірістердегі жұмысшыларға медициналық көмекті сатылап көрсету жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2015 жылы 15%-ды құрайтын “алғаш анықталған жағдайлар ішіндегі кәсіби аурудың асқынған формаларының меншікті салмағы” индикаторы алғаш енгізілетін болады. 2009 жылы ол 45%-ды құраған болатын. Мемлекеттік бағдарлама кәсіби патологиялық көмек зиянды және қауіпті еңбек жағдайла­рын­дағы жұмысшыларға медициналық қыз­мет көрсетудің нормативтік-құ­қықтық базасын жетілдіруді рег­ла­менттейді. Алғаш еліміз жұрт­шы­лығының кәсіби ауру­шаң­ды­ғының мемлекеттік ғылыми авто­маттандырылған регистрі құ­ры­лады. Азаматтардың  денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық және сектор­аралық өзара қарым-қа­тынасты жүзеге асыру дәйектеліп және толық масштабта ұсы­нылады. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс­шыға әсер етуінің алдын алатын қауіпсіз еңбек жағдайларын қам­тамасыз ететін жұмыс беру­шінің жауап­кершілігі анықталды. Жұмыс­шылардың дене шын­ық­тыру, сауықтыру, спорттық және меди­циналық қызметтерін қам­та­м­асыз ету үшін жұмыс берушінің үй­лесуінің қажеттілігі белгіленді. Бүгінде жұмысшыларға маман­дан­дырылған кәсіби патологиялық қызмет көрсету жүйесін дамыту жұмыс берушіні, сақтандыру және қоғамдық ұйымдарды, жұмыс­шы­ның өзін, мемлекетті және тұ­тастай қоғамды қатыстыра отырып жүзеге асырылуы керек. Экологияның төмендеуі ау­ру­ды диагностикалау және емдеу бо­йынша медициналық қыз­меттерге сұранымның ұлғаюымен бай­­ланысты болғандықтан, алғаш рет мемлекеттік бағдарлама деңгейінде халық денсаулығына қоршаған ортаның ластануының әсер етуін зерттеуге аса көңіл бөлінді десем, соған орай, еліміздің барлық аймақтарында тұратын тұрғындар денсаулығын түзету принциптерін одан әрі ғылыми не­гіздеу және экологиямен бай­ла­нысты аурулар тізімін дайындау қажет. Осындай жолмен, “Еңбек ги­гие­насы және кәсіби аурулар ұлт­тық орталығы” РМҚК саланың одан әрі дамуының басым стра­тегиялық бағыттарының қалып­тасуын негізді және қазіргі кезге сай деп есептейді. 2011-2015 жыл­дарға арналған “Саламатты Қа­зақ­стан” мемлекеттік бағдар­ламасын, ведомствоаралық және сектор­аралық өзара қарым-қа­тынасты ескере отырып, жүзеге асыру механизмін қолдайды. Жәмила БАТТАКОВА, “Еңбек гигиенасы және  кәсіби аурулар ұлттық орталығы” РМҚК директоры.