• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Алматы 02 Сәуір, 2024

Журналистикаға жолдама

121 рет
көрсетілді

Республикалық «Жас тілшілер» форумын өткізуді дәстүрлі іс-шараға айналдырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биыл да еліміздің түпкір-түпкірінен 60-тан астам талапкер жиналды.

Болашақ журналистердің шығармашылығын шың­дап, жолдама бе­ретін «Жас тілшілер» форумы­ның шежіресі тереңде жатыр. Алғаш республикалық «Жас тілшілер» слеті 1975 жылы мамыр айында өткен. Оның бастауында О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова, Д.Стамбеков, Ш.Смаханұлы сынды танымал ақын-жазушылар тұрғаны белгілі.

Кейінгі жиырма жылда жа­ңа форматта, заманауи үлгіде өтіп жүр­ген форум биыл да болашақ журналистер үшін жаңа бағдарламаларымен ерек­шеленді. Форумның ашы­луында журналистика факуль­теті Бас­пасөз және электрон­ды БАҚ кафе­драсының мең­герушісі, профессор Гүл­мира Сұлтан­баева мен аға оқытушы Серік Жұмабекұлы қоғам­дағы жур­налистің рөліне тоқталды.

«Жас тілшілер» форумы ба­ры­сында газет тілші­сінің жұ­мы­сы туралы белгілі қаламгер-жур­налист Жүсіпбек Қорғасбек, те­ле­­ви­зиядағы қыр-сырына Жаңыл­хан Асыл­бекова, журналистика негіздері бойын­ша Берікбол Тө­леген шеберлік сыныптарын өткізді.

Форум соңында ең үздік шы­ғармашылық жұмыстар ма­ра­патталды. «Ең үздік жас тіл­ші-2024» байқауының қоры­тын­дысы бойынша бас жүлдеге «Ұлан» газетінің жас тілшісі, Семей қала­сын­дағы №11 мек­тептің оқушысы Диана Ағза­мованың жұмысы лайық деп танылды. Форум соңында Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ жур­налистика факультеті же­ңімпаздарға сыйлықтар тапсырып, дипломдармен марапаттады.

 

АЛМАТЫ