Өнер • Бүгін, 11:00

95 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән шырқады

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған «Бұлбұл үнді Бибігүл» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

95 жастағы Бибігүл Төлегенова сахнада ән шырқады

Фото: Ашық дереккөз

Мәдени іс-шараға мерейтой иесінің өзі қатысты. 

«Мен үшін бұл қала ерекше ыстық. Бүкіл ауыл мен аудандарын араладым. Ауыл еңбеккерлеріне арнап концерт қойдым. Тіпті жер астына түсіп, кеншілерге де ән салдым. Тәттімбет оркестрінің тұсауын өзім кесіп, оның сүйемелдеуімен бірге алғаш ән шырқадым. Сондықтан Қарағандыны жақсы көремін. Халықтың адамы болғаннан кейін, бар күш-қуатымды жинап сіздердің алдарыңызға келуге асықтым», деді Бибігүл Ахметқызы.

Кеш барысында аңыз әнші халықтың жүрегінен айрықша орын алған әйгілі «Көктем вальсін» шәкірттерімен бірге орындады. Қарағанды жұртшылығы әншіге тікесін тік тұрып қошемет көрсетті.