• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2010

“АЛТЫН САПА” — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БЕЛЕСІ

601 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығын алуға арналған өңірлік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты жергілікті мемлекеттік бағдарламамен қоғамдық меке­ме­лер, шағын және орта кәсіп өкілдерінің арасында менеджмент жүйесінде мемлекеттік саясатын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Қазақстанның ең үздік тауарлары” көрме-конкурстарын кеңінен насихаттау; БЭК аумағында Кедендік одақты құру процесін барлық қоғам өкілдеріне ақпараттандыру, сонымен қатар олардың техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында білім деңгейін көтеру болды. Семинарды Техникалық реттеу және метро­логия комитеті төрағасының орын­басары Т.А.Момышев ашып, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Е.Уәйс өз сөзінде бәсекелестікке қабілетті, жоғарғы сапалы отандық өнімдерді өндіруге жәрдемдесу және Қазақстанның тұтыну рыногын сапалы отандық тауарлармен қамтамасыз ету мақ­са­тында Қазақстан Республикасы Президенті­нің “Алтын сапа” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Қазақстанның ең үздік тауар­лары” көрме-конкурстарын өткізу жөнін­де іс-шаралар жүргізіліп жатқандығын кеңінен әңгімеледі. Технологиялық реттеу және метрология комитетінің Сәйкестікті бақылау және метро­логия басқармасы бастығы Г-Б.О.Мейірбаева “Алтын сапа – жетілдіру және  бизнесті басқару құралы” атты баяндамасында соңғы жылдары елімізде көптеген мекемелер мен кәсіп­орындар сапа менеджмент жүйесін өз өндірістеріне енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде екенін айта келе, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жеделдетіп өту жөнінде қойылған Үкімет тап­сырмалары халықаралық менеджмент жүйесін ендіруде оңтайлы шешімін табуда екенін баян етті. Елімізде халықаралық стан­дарттарды ен­гізу үшін қажетті инфрақұ­ры­лым, нормативтік және әдістемелік база қалыптасқан. Бүгінгі таңда, еліміз бойынша халық­аралық стандарттар мен әдістемелер негізінде 45 мемлекеттік стандарт және 15 әдістемелік ұсыныстар қабылданды. Жалпы қабылданған халықаралық стандарттар: ИСО 9000 (сапа менеджмент жүйесі), ИСО 22000 (өнімдердің қауіпсіздік менеджменті), ОХSAS 18001 (кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарты), SA 8000 әлеуметтік жауапкер­шілік стандарты нормативтік құжаттары Қа­зақстан Республикасының ұлттық (мемлекет­тік) стандарттары ретінде қабылданды. Халықаралық ИСО 9000 сапа менеджменті жүйесін өндіріске енгізу 2007 жылмен салыс­тырғанда екі есеге өсіп, қазіргі уақытта 2681 кәсіпорын халықаралық стандарттарды ен­гізсе, 230 кәсіпорын халықаралық стандарт­тарды енгізу жөнінде жұмыстарын жүргізуде. “Қазақстанның ең үздік тауарлары” рес­публикалық көрме-конкурсына 16 облыстан аумақтық конкурстардың 9 жеңімпазы, барлығы 144 мекеме қатысады деп күтілуде. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Рес­публикасы Индустрия және жаңа техно­логиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті болып табылады. – Қазіргі таңда Қазақстанның алдында экономиканы индустрияландыру мен отан­­­­дық тауар өндірушілерге ең жақсы жағдай жасау міндеті тұр. Алға қойылған міндетті шешу үшін техникалық реттеудің тұтқасы ретінде стандарттауды тиімді қолдану үлкен мәнге ие. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Жол­­дауын­­да “Қазақстанның халықаралық эко­номи­­ка­лық алаңда бәсекелестікке толыққан­ды қатысуы халықаралық техникалық стан­­дарттарды орындауды қажет етеді” деп атап өткен болатын. Сіздерді, өнімді дайындаушы және тұтынушылар және барлық басқа да мүдделі талаптарды жұмысқа қосылу­­лары­ңызды және белсенді қатысуларыңызды сұрай­мыз. Стан­дарттау ықпалын күшейту, дәлірек айтқанда, үйлестірілген стандарт­тар­­­дың үлесін арттыруға ұмтылу – нақты қажет­­­тілік болуға тиіс және рынокта, тең құқылы серіктестікке экономикалық пайда көруге, рынокта өнім­нің өтуін кеңейту кілті бо­­латынын атап өткім келеді. Сонымен қатар кез келген уақытта және кез келген рынокта бағаланатын бір­ден-бір экономи­­­калық шама-өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы, қауіпсіздігі және құнды­­­лығы болатынын үнемі ескеру керек. Сапа  менеджменті, экологиялық менед­жмент, (ИСО 14000) және т.б. жүйелерін әзірлеу және енгізу арқылы немесе әр түрлі жолмен жетуге және растауға болады, – деді өз сөзін­­де “Қазақ­­­стан стандарттау және серти­фикаттау инс­­титуты” РМК Қызылорда облы­­сы бойынша өкілдігінің басшысы Г.Ж.Шарапат. “Қазақстан метрология институты” РМК бас директоры В.Н.Михалченко Қазақстан­да қазіргі таңдағы өлшем құралдарымен қамтамасыз ету жүйесінің қарқынды дамып келе жатқандығы туралы баяндаса, “Халық­ара­лық аккредиттеу орталығы” ЖШС-нің маманы К.Х.Әбенова “Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2010 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолауын іске асыруда “Халықаралық аккредиттеу орталығы” ЖШС-нің алға қойған мақсаттарды іске асыру жө­нінде атқарылып жатқан жұмыс­­тары жө­нінде қысқаша баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техни­калық реттеу және метрология комитетінің Қызыл­орда облысы бойынша департаменті дирек­торы Ә.Б.Бапалақов “Енгізілген тәуекелділік бағалау жүйесі аясында техникалық рег­ламенттер талаптарының сақталуына мем­лекеттік бағалауды дамыту және жетілдіру туралы” баян етіп, бұл үш бағытта асырылып жатқандығын айтты. Олар:  Қазақстан Республикасында шы­ғары­латын немесе шет елдерден әкелінетін өнімді өткізу (сату) кезінде қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау; мемлекеттік метро­­логиялық бақылау; тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттың тәртібін сақтауға мемлекеттік бақылау. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, Елбасының “Алтын сапа” конкурсына сырбойылықтар бел шеше, білек түре кірісіп-ақ кеткен. Осы байқауда сырбойылық кәсіпкерлердің өзгелерден оқ бойы оза шабуына жағдай жасау мақсатында жергілікті бюджеттен 1,3 млн. теңге қаржы бөлінген. Еркін ӘБІЛ. ҚЫЗЫЛОРДА.