• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:40

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы нығая береді

10 рет
көрсетілді

Өзбекстанға ресми сапармен барған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.

Кездесуде Ш.Мирзиёев екі мемле­кет арасындағы көпқырлы ынтымақ­тастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын ерекше атап өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтас­тық қатынастарды одан әрі терең­детудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Е.Көшербаев Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, жо­ғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы туралы баяндады.

«Бүгінде қазақ-өзбек қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Бұған, ең алдымен, жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімді саяси диалог ықпал етіп келеді», деді Е.Көшербаев.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәр­тібінің өзекті мәселелері де талқыланды.

Қазақстан мен Өзбекстанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, сондай-ақ өңірлік кооперацияны одан әрі дамытудың, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар