• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2010

Самұрық-Қазына: Кәсіпкерлерге көмек ұлғаюда

690 рет
көрсетілді

Экономикалық өрлеу ке­зеңін­де кәсіп­орындар ақшалай түсімнің ұлғаятынына кәміл се­ніп, өндірісті дамыту үшін аса ірі көлемде кредиттер алғаны белгілі. Деген­мен, дағдарыс кезінде кәсіпорынның кірісі күрт төмендеп кеткендіктен, бүгінде олар­дың көпшілігі Банк алдындағы міндеттеме­лерін уақытылы және толықтай өтеу жағы­нан қиыншылықтарға тап болып отыр. Соған орай “Самұрық-Қазына” қоры даму перспективасы анық компанияларға мемлекет кредиті бойынша сыйақы мөлше­рлемесінің бір бөлігін төлеуді өз міндетіне алып, қол ұшын бермек. “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдар­ламасының екінші бағыты – кәсіпорын­дарды сауықтыру бойынша кәсіпкерлердің сұранысы мейлінше жоғары болғандықтан, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін банктердің кредит комитеттерінің жұмыс тәжірибесі негізінде практикалық ұсыныстар әзірледі. Кәсіпорынды сауық­тыру жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныс­тар­дың мақсаты – кәсіпкерлерге Сауық­тыру жоспарын әзірлеуде көмек көрсету болып табылады. Кәсіпкерлердің назарына құжат мәтінінің мағынасы мен құрылым­дануы бойынша банктердің кредит коми­теттерінің жұмыс тәжірибесіне негізделген тәжірибелік ұсыныстар берілген. Кәсіпкерлер сауықтыруға өтініш бере отырып, ең бастысы, кәсіпорынға субсидия мемлекет тарапынан және қайтарусыз негізде берілетінін есте сақтағаны жөн. Мем­лекет кәсіпорынға субсидия бере оты­рып, оның қайтарымы ретінде – үстеме құны жоғары дайын өнімдер шығаруды ұйы­мдастыру, инвестициялық жағынан тартымдылығының артуы, жаңа жұмыс орын­дарын құру, бюджетке түсетін салық­тық түсімдердің өсуі сияқты қарымтасының болатынына сенеді. Бөлінген субсидияның дұрыс пайдалану нәтижесі басшының тіке­лей жауапкершілігінде екенін есте ұстаған жөн. Мемлекет тарапынан субсидиялауға бөлінетін қаражат шектеулі және де барлық өтінімдерді қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себептен кәсіпорынды субсидиялау турал­ы мәселелер конкурстық негізде қарас­тырылады. Оның өзінде, экономикалық және әлеуметтік қайтарымы жоғары болаты­нына сенім артатын преспективалары анық кәсіпорындар мен жобаларға басымдық берілмек. Субсидиялау мерзімі ішінде (жарты жыл­дық немесе өзгеше жүйелі түрде) “Даму” қоры “Бизнестің жол картасы - 2020” бағ­дар­ламасының қаржылық агенті ретінде кә­сіпорындар мен жобаға мониторинг жүргі­зе­тін болады. Мониторинг қорытындысы бо­­йынша субсидиялауды жалғастырудың мақ­сатқа сай келуі туралы немесе оны тоқ­тату туралы шешім қабылданады, сол себепті Сауықтыру жоспарына субсидия алу үшін ғана керек қағаз жүзіндегі құжат ре­тінде қа­ра­маған жөн. Сауық­­­тыру жоспарын сапалы дайындау кәсіпорын басшылығының кәсіби біліктілігінен хабар беретін айқын көрсеткіш деуге де болады. Кәсіпорынның немесе жо­ба­ның талдауы жеткіліксіз пысық­талған, сұра­латын қолдау шараларының иланды­ра­тын дәлелдемесі жоқ, ұзын сөздің қысқа­сы, мұндай жоспар пысықталу үшін кері қай­тарылады немесе қабылданбайтын болады. Сала мамандарының айтуынша, сауық­тыру жоспарының мақсаты – кредитор–банкке, уәкілетті ұйымдарға және мемле­кеттік органдарға сауықтыру бойынша жос­парланатын іс-шаралардың тиімділігі және кәсіпорынға субсидия берудің орындылығы және мемлекеттік қолдаудың өзге шаралары туралы принципиалды қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жеткілікті деңгейде ақ­парат ұсыну екендігі сөзсіз. Сол себепті Сауық­тыру жоспарының осы мақсатқа сай келетін оңтайлы көлемі және мағынасын таңдау кәсіпорын басшылығына жүктелетін басты жауапкершілік болып табылады. Құжатта субсидия алу үшін өтініш беру себептері және мақсаттың қисынды негіз­демесі, банктен және мемлекеттен сұрала­тын қолдау шараларының түсінікті дәлел­демесі керек. Сондай-ақ сауықтыру бо­йынша бас­шылық тарапынан жоспарла­на­тын іс-шара­лардың негізділігі мен тиімділігі және кә­сіп­орынның одан әрі даму келешегі, оған қоса оның қаржылық жағдайына, бәсекеге қабі­летті өнім шығару және сату мүмкіндігі көр­сетілуі тиіс. Сонымен қатар шешім қабыл­дау үшін ешқандай жеңілдік бермейтін артық ақпаратты қосудың қажеті жоқ. Жүзеге асырылған және жоспарланатын инвестициялар жөніндегі ақпаратты ашып көрсетудің берері мол. Күрделі шығын­дардың қандай дереккөздерден қаржылан­дырылғанын және қосымша қаражат қажет болатынын немесе болмайтынын анықтап жазған жөн. Сонымен қатар, кәсіпорында интернет-сайт бар болса, оның мекен-жайы және компания туралы толық ақпараттарды да хабарлаудың қажеттілігі мол. Сөз реті келгенде айта кететін тағы бір жайт, “Самұрық-Қазына” қоры, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде де бірқатар ауқымды әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, 2009 жылы шағын және орта бизнеске Дағдарысқа қарсы бағ­дарлама аясында жалпы сомасы – 132 мил­лиард теңгенің 2500 жобасы қаржы­лан­ды­рылды. Кен өңдеу секторын қолдау бағдар­ламасы бойынша жылдық – сегіз пайыздық ставкамен сомасы – 18 миллиард теңгеге жуық 155 жоба қаржыландырылып жүзеге асырылды. Тұтастай алғанда “Самұрық-Қазына” ұлт­тық әл-ауқат қоры шағын және орта биз­несті қолдап, несиелендірудің бағытын­дағы барлық бағдарламаларға – 370 мил­лиард теңге көлемінде қаражатты бөлді. Оның ішіндегі 50,7 миллиард теңге қайтару қаражаты есебінен берілді. Атап айтарлығы, шағын және орта бизнесті одан әрі дамы­туға арналған мемлекеттік инвестицияның кәсіпкерлік секторының өркендеуіне ық­палы мол. Бұл бағыттағы іргелі жобалар 2012-2013 жылдары да ұлғая түспек. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.