• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2010

Дерек пен дәйек

486 рет
көрсетілді

9 000 000 теңгеге балаларға киім-кешек алынды Бұл – “Мектепке жол” ак­ция­сы кезінде тек Қостанай қала­сын­дағы асыраушысы жоқ және әлеу­меттік аз қорғалған отбасылар ба­ла­ларына көрсетілген көмек. Ак­цияға қалалықтар жыл сайын бел­сене қатысады. Биыл шара шең­бе­рінде кәсіпорындар мен мекеме­лер 963 баланы су жаңа киіндіріп, қа­жетті оқу құралдарын алып берді. Биыл акцияға облыс орталы­ғын­дағы 200-дей ұжым қатысты. Олардың қатарында ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен жоғары оқу орындары, басқармалар, департа­мент­тер, мектептер бар. Оның сыр­тында жеке кәсіпкерлер мен қайырымды жандар да сауапты іс­тен сырт қалған жоқ. Шілде айы­ның ортасынан басталған акция облыс бойынша әлі де жалғасуда. Киім-кешекке, оқу құралдарына зәру балалар әлі де бар. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай. 1 049 000 Жамбыл облысындағы халық саны 1 шілдеге осынша адамды құраған еді. Қазіргі таңда 1 миллион 50 мыңның үстіне еркін шыққаны анық. Статистика департаментінің мәліметі бойынша, биылғы жыл­дың 1 шілдесінде облыс халқының саны 1 миллион 049 мың адамға жет­ті. Оның 439,6 мыңы – қала, 610 мыңы – ауыл халқы. Өткен жыл­ғы осы кезеңде облыс тұрғын­дары­ның саны 1 037 мың болған еді. Халықтың табиғи өсімінің арта түсуі сияқты бұл оң көрсеткіш өңір­дің әлеуметтік және эконо­ми­ка­лық жағдайының жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын білдіреді. Қазіргі кезде Тараз қаласы тұрғындарының саны 355 мың адам шамасында. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы. 997 059 Батыс Қазақстан облысында 987,60 мың тоннаның орнына 997,59 мың тонна мал азығы дайындалды немесе жоспар 101,0 пайызға орындалып отыр Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің айтуынша, бұл өткен жылғыдан едәуір артық. Ай­та­лық, 2009 жылы осы кезеңде 792,60 мың тонна шөп (80,3 пай­ыз) әзірленген екен. Соның салда­ры­нан өткен қыста кейбір жер­лерде мал азығы таусылып, мал баққан қауым біраз қысылған еді. Биыл өңірде осыны болдырмау шаралары қолға алынды. Соның нә­тижесінде Тасқала ауданы өз жоспарын – 108,1, Қазталов – 106,6, Жаңақала – 103,4, Жәнібек 102,3 пайызға орындаса, Қара­тө­беден басқа аудандар мен Орал қаласы да межеден көрінді. Темір ҚҰСАЙЫН. 200 192 Ақмола облысындағы 381 телефон стансасында осынша нөмір бар. Оның 81331-і ауыл тұрғындарының игілігінде Бұл цифрлар облыстың бар­лық аймағы телефон байланысы­мен қамтылғанын айғақтайды. Әр­бір 100 тұрғынға шаққанда 31 нө­мірден келеді. Облыстың барлық қалаларында WLL CDMA – 800 базалық радиостансасы орнатыл­ған. Ауылдық жерлерде желісіз байланыспен қамту мәселесі бір­тіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінде ғаламтор желісіне қосылушылар саны 37315-ке жетті. Облыстың 53 ауылы жетілдірілген “Мегалайн” қызметін пайда­ла­на­ды. Мектептерді телефон байла­ны­сымен қамту толықтай шешіл­се, денсаулық сақтау мекемеле­рі­нің 92,3 пайызы осы қызметті пайдаланады. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.