• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2010

Жаһандық деңгейдегі қауіпсіздік

505 рет
көрсетілді

5 қазанда Ресей Федерациясының Сочи қаласында қауіпсіздік мәселелерін жүргізетін жоғары өкілдердің екі күндік ха­лықаралық кездесуі басталды. Оған елу­ден астам елдердің өкілдері – қауіп­сіз­дік кеңестерінің хатшылары, прези­дент­тердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кө­мекшілері, соның ішінде Ресей Фе­де­ра­циясынан, АҚШ-тан, Қытайдан, Үн­діс­таннан, Франциядан, Италиядан, Түр­киядан, Канададан, Пәкстаннан, Ауған­станнан, Кореядан, ТМД елдері­нен, Африка мен Оңтүстік Американың бір­қатар мемлекеттерінен қауіпсіздік мә­се­лелері бойынша үйлестірушілер қатысуда. Мұндай тұрғыдағы халықаралық кон­ференция алғаш рет жаһандық деңгейде өткізіліп отыр. Кездесу барысында қауіпсіздікті үш өлшемде: табиғи және техногендік сипат­тағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, трансше­ка­ралық қылмысқа және атап айтқанда оның лаңкестік, есірткі мен қару-жарақ­тың заңсыз айналымы, жасырын көші-қон және сол сияқты қауіпті көрініс­теріне қарсы тұру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік секілді өлшемдерде қамтама­сыз ету жөніндегі ұлттық және өңірлік көзқарастар талқыланды. Табиғи және техногендік апаттар мә­селелері бойынша пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің кө­мекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хат­шысы Марат Тәжин баяндама жасады. “Егемен-ақпарат”.