Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лимен оның өтініші бойынша кездесті.
Мәжіліс Төрағасы сөз басында елшіні қазақ топырағынан басталып жатқан жаңа мәртебелі қызметімен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті бекемдеу жолында еңбек жасайтынына сенім білдірді.
Қытай елшісі өз кезегінде Мәжіліс Төрағасының Қытай-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа берген бағасымен келісетінін білдіріп, екі ел арасындағы көршілік байланыс еселей түскенін жеткізді. Бұрын да Қазақстанға құрметі зор дипломат бұл жолы елші ретінде келіп отырғанына қуанышын білдіріп, алдағы уақытта екі елдің арасындағы достық байланыстарды жандандыру жолында қызмет ететінін айтты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.