• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2010

Инвестиция игілігі

505 рет
көрсетілді

Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше жаңа зауыт іске қосылды Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында атап көрсетілген міндеттердің бірі – аграрлық саланы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу қарқынын арттыру мен жаңа технологияларды енгізу арқылы салаға деген жаңа көзқарас қалыптастыру және тапсырылған міндетке деген жауапкершілік. Міне, осылар болғанда ғана жұмыстың тиянағы келетінін ескерсек, Еңбекшіқазақ ауданы шаруаларының игі ізденісі жемісін бергенін көреміз. Мұнда үлкен үрдіс, жерге деген аялы алақан, қарымды тірлік бір арнаға тоғысып, халық жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Күрежолдың қапталындағы Қыр­балтабай ауылдық округіндегі “Айдарбаев” шаруа қожалығының қызанақ өсіретін алқабында көк­темде бақшашылардың төккен те­рі­нің өтеуіндей мол өнімді жина­ғандар көңілі көтеріңкі көрінді. Бір мезгілде қып-қызыл болып тез пісе­тін 350 гектар алқаптағы “Лиде­ра” қызанағын шетелдік екі ком­байн піскені мен көгін, сабағын бөлек жинап, қол күшін жеңілдет­ке­німен ерекшеленді. Өнім мол­шылығына қол жеткізген шаруалар әр гектардан 80 тонна өнім жинап, тамшылата суарудың тиімділігін өз тәжірибелерінде сезінді. Күн сайын әр ауысымда 200 тонна қызанақ жиналып, тұтынушыға жол тартуда. Аталған шаруашылық директоры Ерік Айдарбаев жұмысты жүйелі ұйымдастырумен қатар өнім сапа­сы­на да ерекше назар аударып ке­леді. Тұтынушы талғамына орай келесі жылы қызанақ алқабын 600 гектарға жеткізуді көздеуде. Сон­дай-ақ, бос жатқан жерді тиімді игеріп, көкөніс, жеміс-жидек егуді, өңір халқын аты аңызға айналған апортпен қайта қауыштыруды көздеп отырғанын да айтқан жөн. Шаруа қожалығының бәрі қызанақ өсірсе, осы аймақтағы Қайнар ауылында томат өңдеумен айналысатын Есік жеміс-көкөніс консервілеу зауытының ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Үм­бетов қатысып, жұмыссыздықтың алдын алу мен Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік молшы­лы­ғын жасаудағы қолға алынған жұмыстың жүйелілігін атап өтті. Жаңа зауыттың құрылысына 600 млн. теңге инвестиция тарты­лып, 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынға италиялық құрал-жабдықтар пайдаланылып, бүгінде тәулігіне 600 тонна қызанақ сық­пасы шығарылады. Жаңа зауыттың ашылу салтанатына жиналғандар аталған кәсіпорынның ауданның экономикалық жағынан өркен­деуі­не үлес қосса, екіншіден халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге жол ашатынына тоқталып, сәттілік тіледі. Күздің жайма-шуақ осы күні ауданда тағы бір зауыттың көгілдір лентасы қиылды. “Алтомед” серік­тес­тігі Қытайдан атажұртына келген Көпбосын Марқайдың көп жылғы мақсатты ізденісінің жемісі деуге болады. Дәрігер мақсатына жетуі үшін 430,2 млн. теңге инвес­тиция тартып, үлкен жұмыстың тиянағы келтіріліпті. Осылайша инфузионды ерітінділер үшін бір рет пайдала­ны­латын медициналық препарат шы­ғарылуда. Бір қуаныш­ты­сы – ол адамның тамырын зақым­дамайды. Зауытта жылына 16 млн. дана пре­па­рат дайындалып, адам ден­саулы­ғын нығайтуға жұмсал­мақшы. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.