• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Мәжіліс бюросы заң жобаларын саралады

491 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен сәрсенбі күні өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды. Депутаттардың талқысына халықаралық маңызға ие заң жобасы ұсынылатын болды. Атап айтқанда, “Еуропа мәдени кон­вен­циясын ратификациялау туралы” заң жобасы палатаның жалпы отырысының күн тәр­тібіне шығарылады. Сонымен бірге, Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жоба­ла­рына қорытынды әзірлеу уақыт­тары анықталатын болады. Оның ішінде кейбір заңдарға исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бар. Сол секілді Әлеуметтік-мә­дени даму комитеті “Ғылым ту­ралы”, “Қазақстан Республика­сының кейбір заңнамалық акті­леріне ғылым мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, сондай-ақ Эко­логия мәселелері және табиғат пайдалану комитеті “Атом энер­гия­сын пайдалану туралы”, “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қа­зақстан Республикасының За­ңы­на толықтыру енгізу туралы” заң жо­баларымен жұмысты жал­ғас­ты­ру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл мәселелер де Мәжілістің жалпы отырысында қаралатын болды. “Егемен-ақпарат”.