• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2010

Асылдандырылған тұқымның өнімі де асыл

1469 рет
көрсетілді

Мал шаруашылығында кең ауқымды селекция жұмыстары басталды Мал шаруашылығы – елімізде ежелден да­мып келе жатқан салалардың бірі. Сонау патша өкі­метінің тұсында бұл сала халқымыздың не­гіз­­гі тіршілік көзі болатын. Сол тұстары аты аңызға айналған Қараөткел, Қарқаралы, Қоян­ды жәрмеңкелері жұмыс істеді. Бізбен көр­ші­лес елдерден татар, орыс саудагерлері сол жәр­мең­­­келерге келіп қатысып, қазақ байларынан топ­тап мал сатып әкетіп жататын. Осы оқи­ға­дан біздің елімізде мал экспортының ежелден бар екендігін білеміз. Кеңес өкіметі кезеңінде мал шаруа­шы­лы­ғы жаңа жағдайда дамыды. Мал етімен қа­тар, жүн­ге, сүтке деген сұраныс ұлғайды. Осы­ған бай­ланысты мал шаруашылығында селек­ция­лық жұ­мыстар белең алып, мал тұ­қым­дарын көз­де­ген мақсатқа сәйкес асылдандыру ісі жаппай си­пат алды. Көптеген комбинаттар, фаб­рикалар са­лынды. Қазақстандағы мал ша­руа­шылығы өнім­дері осыларда бастапқы өңдеуден өткізіліп, ор­талықтан түскен тап­сы­рыс бойынша тұтыну ры­ноктарына жөнелтіліп отыр­ды. Жылына жүз­­­де­ген мың тоннадан ас­там ет өнімдері осы­лайша өз тұтынушыларын та­ба­тын. Қазіргі жағдай басқаша. Малдың басым бө­лі­гінің жеке меншіктің қолына қарауына бай­ла­нысты мал тұқымдарын асылдандыру жұ­мыс­тары бұрынғыға қарағанда көп әлсіреді. Мал са­ны да азайды. Мал өнімдері экспортын жолға қою үлкен проблемаға айналды. Мәселен, қазір Қа­­зақ­стан кейбір дерек көздері бойынша сырт­қы рыноктарға жылына екі мың тонна мөл­ше­рін­де ғана ет экспорттайды екен. Бұл бұрынғы ша­­мадан бірнеше ондаған есе төмен көрсеткіш. Ал енді мұндай жағдайдың орнығу се­беп­те­­ріне келетін болсақ, біздегі мал ша­руа­шы­лы­ғы­ның өндірістік деңгейі мен қуаты бұрынғыға қарағанда көп кемігендігі өз алдына, сонымен қатар сыртқы рыноктардың да ет экспортына қа­тысты талаптары күшейе түскен. Ресейдегі ет ком­бинаттары малдың салмағымен қатар сойылу түріне де ерекше мән береді. Ком­би­нат­тар сатып алу үшін мал еті кесек күйінде сұрыпталуы тиіс. Қойылатын ветеринарлық та­лап­тар және бар. Осыларға біздің ел жауап бере ал­май тұр. Өйткені ірі қара малдың өзі ұсақ­та­­лып кеткен. Тұқымдық қасиетінің төмен екен­дігі белгілі болуда. Осы мәселе Ауыл шаруашылығы минис­тр­лі­гіне қарасты түрлі ұйымдар мен ғалымдарды көптен бері ойлантып келеді. Еліміздегі мал тұ­қы­­мын асылдандыру ісін қалайша жолға қоюға бо­­лады, экспортты қайтып жақсарта аламыз де­ген сауалдар төңірегінде көптеген зерттеу жұ­мыс­­тары жүргізілді. Сандаған пікірталастар да ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде мә­се­ле­­нің ұшы табылғандай болып отыр. Мамандардың айтуынша, мал шауа­шы­лы­ғы­на мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі 1999 жылмен салыстырғанда он еседей арт­қан. Бірақ, өкінішке орай, оның тиімділігі көрінбей отыр. Мәселен, осы уақыт ара­лы­ғын­да әр сиырдан сауылатын сүт көлемі 150-200 литр дең­гейінде ғана ұлғайған. Ал бұрынғы Гер­мания Де­мо­кратиялық Республикасы Батыс Гер­манияға қо­сылған тұста олардағы әрбір си­ыр жылына 4 мың литр сүт беретін. Осы көр­сет­кіш 2002 жылы 7 мың литрге жетсе, қазір 9 мың литрге жуықтады. Не­ліктен бізде бөлінген қар­жы құрдымға кеткен су­мен тең? Оның қай­та­рымы неге жоқ? Мамандар мен ғалымдар осы­­ның себебін қуалай келгенде үш се­бептің басын ашып отыр. Бірінші себебі, елімізде мал шаруашы­лығын асыл­дандырудағы селекциялық жұ­мыстар мақ­сат­­ты және жүйелі түрде жүргізіл­мей келді. Оның ортақ бір жүйесі құрылмады. Мұндай жұ­­мыстар жеке шаруашылықтар аясында ғана шек­­теліп қалып отырды. Ал оларға бөлінген қар­­жының тиімділігі тиісті бақылауға алын­ба­ды. Бөлінген қаржының сұраушысы болмады. Екінші себебі, малды өз төлінен өсіру ісінде жүйесіздік орын алды. Қазақстанда асыл тұ­қым­ды малдардың қандай түрлерін ұстау қажет де­­ген сұрақтың басы ашылмады. Әркім өз біл­ген жолымен жүрді. Үшінші мәселе тиісті жем-шөп қорының же­тім­­сіздігіне байланысты болды. “ҚазАгроИнновация” АҚ-тың “Мал ша­руа­­шылығы және ветеринария ғылыми ин­но­ва­­циялық орталығы” АҚ бас директоры, “Асыл тү­лік” АҚ басқармасының төрағасы, ауыл ша­руа­­шылығы ғылымдарының докторы, про­фес­сор Айбын Төрехановтың бізге келтірген де­рек­те­­рі бойынша қазіргі күні Қазақстандағы әрбір мың адамға есептегенде 200 бас сиырдан ай­на­лады екен. Мәселен, АҚШ-та әрбір мың адам­ға – 40, Англияда – 44, Еуроодақ ел­де­рін­де 45-48 сиырдан келеді. Бұл көрсеткіш нені мең­­зейді. Мәселенің түйіні малдың санында емес, сапасында. Мәселен, біздің елімізде әрбір са­у­ын сиырдың өнімділігі жоғарыда келтірілген ел­дерден 3,5 есе төмен. Сол секілді біздегі әрбір ірі қара мал тірі салмақпен 280-300 килодан ет­ке тапсырылса, батыс елдерінде бұл көрсеткіш біз­­ден әлдеқайда (1,5 есе) жоғары болып отыр. Қыс­қасын айтқанда, бізде мал бар, бірақ оның тиім­ділігі аз. Мал шаруашылығына шы­ға­рыл­ған шығын өзін дұрыс өтей алмай келеді. Осы жағдайды ескере келе мамандар мен ғалымдар жоғарыдағы олқылықтарды жоюдың бір­ыңғай жүйесін іске асыруға кірісті. Ол – Мал шаруашылығындағы кең ауқымды се­лек­ция деп аталады. Осыны жүзеге асыру ба­ры­сын­да малдың асыл тұқымдылық қасиетімен қа­тар оны азықтандыру, күтімге алу жағдайы да кешенді түрде қарастырылады. Мал шаруашылығындағы кең ауқымды селекцияны жүзеге асыру ісі біздің еліміз үшін жа­ңалық емес. Өткен ғасырдың 80-ші жыл­да­рын­да осы іс қолға алынған болатын. Бірақ за­ман өзгерісіне байланысты аяқсыз қалды. Қазір енді жағдай ептеп оңалып келеді. Ең бастысы, мемлекет мал шаруашылығының да­му­ы­на үлкен мән беруде. Осы жағдайды пай­да­лана отырып Ауыл шаруашылығы ми­нис­тр­лі­гінің жа­уапты қызметкерлері ғалымдардың қол­дауы жә­не көмегімен аталған істі қайтадан қол­ға алды. Мал шаруашылығындағы кең ауқымды селекцияны жүзеге асыру үшін бірқатар шарт­тар қатаң түрде сақталуы қажет екен. Оның ең бас­тысы малды қолдан ұрықтандыру болып та­бы­лады. Содан кейін осы іске қосылатын мал­дың саны мен тұқымдық қасиеті, өнімділік көр­­сеткіштері анық болуы қажет. Сонда ғана әр­­бір малға бөлінген қаржы қатаң бақылауға алынып, өз тиімділігін беретін болады. Міне, осындай жағдайға байланысты мал ша­­руашылығындағы кең ауқымды селекция жұ­­мысы ең алдымен ірі шаруашылықтардағы мал санын қамтиды. Әзірге мұндай малдар са­ны еліміздегі барлық малдардың 20 пайызы мөл­­шерінде. Қалған 80 пайызы көбінесе үй ша­руа­­шылығы деңгейінде ғана қалыптасып отыр­ған жеке меншіктің қолында. Мал ша­руа­шы­лы­­ғындағы кең ауқымды селекция жұмысы өзі­нің белгілі бір даму сатысына шыққанда үй ша­руашылықтарын да қамтитын болады. Осы­ған қол жеткізудің бірқатар тетіктері қазірдің өзін­де ай­қындалу үстінде. – Сонымен кең ауқымды селекция жұ­мыс­та­­рының бірінші кезегіне еліміздің барлық асыл тұқымды және тауарлы мал ша­руа­шы­лық­та­ры қатысады. Бұл мемлекет бөлетін суб­си­дия­­ны алу үшін оларға қойылатын негізгі та­лап­тардың бірі болып табылады. Ол үшін атал­ған шаруашылықтар малды қолдан ұрық­тан­ды­ру, олардың есебін жүргізумен қатар осы істі жүр­­гізетін ғылыми ұйымдармен селекциялық үде­рістерді қамтамасыз ету жөнінде тікелей байланыста болуы, шаруашылықтарда бұ­қа­лар­ды бекіту мен алмастыру тәртібінің сақталуы, ав­томаттандырылған ақпараттық талдау жү­йе­сі­нің негізінде малдардың ветеринарлық және зо­отехникалық есебін жүргізуі секілді талаптар орындалуы тиіс. Бастапқы кезде осының мә­ні­сін түсінбеген кейбір шаруашылықтар бұған қарсы екендіктерін білдіріп, біздің ғылыми ин­но­вациялық орталыққа хат жазған да болатын. Бі­рақ біздің бұл істі өз бетімізбен ойлап тап­па­ғанымызды, оның негіздерін әлемдік тә­жі­ри­беден ала отырып, өз жағдайымызға бейімдеп жасағандығымызды, мал шаруа­шы­лы­ғымен айналысатын елдердің сексен-тоқсан пайызында осы үрдістің жолға қойылғандығын, де­мек бұдан басқа жолдың жоқ екендігін тү­сі­ніп бізбен ортақ келісімге келді. Былай қа­ра­ғанда, еліміздегі мал тұқымдарын асылдандыру жұ­мысы әрбір жеке шаруашылықтың дең­гейінде дами алмайтындығы, олардың бәріне ор­­тақ бір жүйенің қажеттігі, міне, сондай жағдайда ғана мемлекеттің мал тұқымдарын асылдандыруға байланысты бірыңғай саясатты бел­гілеп, осы арқылы шаруашылықтарға тиісті кө­мек жасай алатындығы кез келген көзі ашық адамға белгілі жәйт. Демек, біз ойдан велосипед ой­лап таппай-ақ бүкіләлемдік қауымдастықта мойындалған осы шараларды батыл жүзеге асы­руға кірістік, – дейді Айбын Әдепханұлы. Аталған істі жүйелі жолға қою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің “КазАгроИнно­ва­ция” АҚ аясында “Мал шаруашылығы және ве­­теринария ғылыми-инновациялық орталығы” ЖШС құрылған болатын. Бұл орталық жүйені жа­­сақтаумен қатар оны ғылыми тұрғыдан қам­та­масыз ететін болады. Орталық құрамына Ал­ма­тыдағы мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Солтүстік Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Ал­матыдағы малдәрігерлік ғылыми-зерттеу инс­­­титуты, Астана қаласының іргесіндегі Қос­шы ауылында орналасқан “Асыл түлік” рес­публи­калық мал асылдандыру орталығы бе­кі­тіліп берілді. Сонымен мал ша­руа­шы­лы­ғын­да­ғы кең ауқымды селекция жұмысын ілгері жыл­жыту­дың негізгі материалдық-техникалық жә­не ғы­лыми базасының негізі қа­лып­тас­ты­ры­лып, осы жұмыс елімізде биылдан бастап қолға алын­ды. “Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы” ЖШС-іне қа­райтын “Асыл түлік” республикалық мал ша­руа­шылығын асылдандыру орталығы” АҚ-ты осы құрылым ішіндегі басты буын деп атауға бо­лады. Себебі еліміздің ірі қара бойынша асыл тұ­қымды малдарының негізгі қоры мен тектік әлеуеті “Асыл түлік” АҚ-та шоғырландырылып отыр. Орталық елімізде мал шаруашылығы құл­ды­рап, тұқым асылдандыру жұмыстары мүлдем тұйыққа тіреліп, ел ішінде қолтума малдар кө­бей­ген кезде, анығырақ айтқанда, 2001 жылы рес­публикамызда Кеңес өкіметі тұсындағы ұзақ жыл­дарғы тынымсыз жұмыстар нәтижесінде қа­лыптасқан асыл тұқымды малдардың ең жо­ға­ры тектік әлеуетін сақтап қалу үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған бо­латын. Мұнда асыл тұқымды бұқалар және олардың ұрықтарымен қатар шетелдерден са­тып әкелінген эмбрион ұрықтар да сақ­та­лы­нып, асыл тұқымды мал шаруашылықтарына та­ратылады. Енді осында жинақталған және байытылу үстіндегі тектік әлеуетке сүйене оты­рып, мал шаруашылығындағы кең ауқымды се­лек­ция жұмыстары еліміз бойынша өріс алмақ. “Малдардың, соның ішінде, әсіресе, ірі қараның асыл тұқымды тектік ірі қорын жи­нақ­тап жұмыс істейтін дәл біздегідей маманданған әлеуетті ұйым бүкіл ТМД ке­ңіс­ті­гінде, тіпті көптеген дамыған елдердің өзінде жоқ. Бар болғанымен мүмкіндіктері біздікіндей емес. Өйткені көптеген шетелдерде мал тұ­қым­да­рын асылдандыру ісімен жеке меншік ұйым­дар шұғылданады да, олар өздерінің ай­на­ла­сын­дағы фермерлерге ғана қызмет көрсетеді. Ал біз болсақ, 4-5 облыс деңгейінде жұмыс іс­теп келеміз, енді қызмет аямызды одан да ке­ңі­те түспекпіз” дейді бізбен әңгімесінде “Асыл тү­лік” АҚ басқарма төрағасының бірінші орын­басары, ауыл шаруашылығы ғы­лым­да­ры­ның кандидаты Жора Алмантай. Орталық соңғы жылдары өте жақсы нә­ти­же­ге қол жеткізген. Мәселен, биылғы жылға дейін орталықта 100 бұқадан жылына орта есеп­пен 700-800 мың доза ұрық алынып келсе, үс­тіміздегі жылы 40 бұқаның өзінен жыл соңына дейін 1 миллион 200 мың доза ұрық алы­натындығы белгілі болып отыр. Өйткені ор­та­лықта гидропондық цех орнату арқылы бұ­қа­ларды азықтандырудың жаңа технологиясы еңгізілген. Бұрынғы технология бойынша малдың азықтық бірлігіне мән берілсе, енді азықтың энергетикалық қуаттылығы есепке алынады. Оның үстіне мұндағы бұқалардың күтімі жас баланың күтімінен де қиын екен. Ерекше азық­тандырылуы өз алдына, күн сайын таң­ер­тең сабындап, сусабындап жуылады. Денелері жел­деткішпен құрғатылады. Күніне бірнеше са­ғат серуендетіледі. Өйткені сапалы ұрық алу үшін жүйелі түрдегі қозғалыс басты та­лап­тар­дың бірі болып табылады. Әр тоқсан сайын ден­саулық күйлері толық тексеріледі. “Осы күтімге кеткен шығынды бұқалар ақ­тай­ды. Мәселен, әр бұқадан жылына осындай кү­тім нәтижесінде орта есеппен 25 мың доза ұрық алынады. Ол қолдан ұрықтандырған жағ­дай­да 10 мың сиырды ұрықтандыруға жетеді. Бұл 10 мың бұзау алынады деген сөз. Ал асыл тұ­қымды бұзау сатқан жағдайда өте қымбат тұ­рады. Өйткені ет бағытында болса, күтімі мен азық­тандырылуы келіскен жағдайда 6-7 айдың өзін­де 350-400 кило салмаққа жетеді. Сонда әр­бір бұқаның бір жылдық экономикалық беретін пай­дасы ең төменгі бағамен алғанның өзінде 50 миллион теңге шамасында болады екен. Де­мек асыл тұқымды мал күте білсеңіз үлкен ырыс көзі”, дейді Жора Тойлыбайұлы. Қазір асыл тұқымды мал өсіріп тарату ісімен шұғыланатын шаруашылықтар осы жағ­дай­ды ұғып, кең ауқымды селекциялық жүйеге бірікті. Шаруашылықтағы істі ғылыми жолға қоюдың қажеттігін, мұнсыз алға баса ал­май­тын­дықтарын түсініп, осы үшін “Мал ша­уа­шы­лығы мен ветеринария ғылыми инновациялық ор­талық” ЖШС басшылығымен “Асыл түлік” АҚ ба­за­сында кең ауқымды селекцияны жүр­гі­зу жөнінде арнайы дайындықтан өткен 77 ға­лым­мен келісім-шартқа отырып, өз істерін бас­тап кетті. Қазір аталған ғалымдардың алдынан жал­пы­ға ортақ талаптарды сақтай отырып, өздері­нің ғылыми ізденістерін жүзеге асырудың нақ­ты мүмкіндігі ашылып отыр. Олар елімізде бі­рін­ші рет шынайы түрде өндіріспен біте қай­на­сып жұмыс істеуге кірісті және өз ең­бек­те­рі­нің, ғылыми ізденістері мен тәжірибелерінің нә­тижесін де көре бастады. Мәселен кең ау­қым­ды селекцияны жүзеге асыру бағ­дар­ла­ма­сы­на қосылған ғалымдардың алды айына 1,5 миллион теңге табыс қаратуда. Кең ауқымды селекцияға қосылған әрбір асыл тұқымды мал шаруашылығы, әрбір та­уар­лы өнім шығаратын ферма еліміз бойынша ұйым­дастырылып отырған біртұтас электронды ақ­парттық жүйеге қосылуы тиіс. Одан осы ша­руа­шылықтардағы жаңа туған бұзауға дейін бірде-бір бас мал тыс қалмауы көзделеді. Өйт­ке­ні біріншіден, қатаң есеп керек. Екіншіден, әрбір малдың идентификациялық нөмірі, тұ­қым­дық тегінен бастап, барлық мәліметтері анық болуы керек. “Осы біртұтас ақпараттық жүйені құру үшін үлкен жұмыстар жүргіздік. Алдымен элек­трон­ды бағдарламаны, яғни елімізге ортақ сайтты құ­рып алу қажет болды. Оған Ресейдің ақ­па­рат­тық компаниялары әзірлеген бұрынғы бағ­дар­лама жарамады. Себебі олар жеке-жеке ша­руа­шылықтарға ғана арналған еді. Ал бізге бар­лық шаруашылықтарды біртұтас электронды сайт­қа жинай отырып, әрбір шаруашылықтың мәліметтер базасындағы өздеріне тән құпия­ла­рын қорғауына кепілдік беру қажет болды. Өйткені олар бір жағынан әріптес болғанымен, екін­ші жағынан алғанда бәсекелес болып та та­бы­лады ғой. Сөйтіп, бұл сайт пирамида түрінде әзір­ленді. Яғни, төменде тұрған бір шаруа­шы­лық, екінші бір шаруашылықтың мә­лі­меттер базасына кіре алмайды. Сол үшін олардың әрқайсысына электронды кілт бе­рі­ле­ді. Оны тек аудандағы тиісті ұйым ғана аша ала­ды. Сол се­кілді бір аудан екінші бір ау­дан­ның мә­лі­мет­тер базасын аша алмайды. Оны тек облыста осы істі ұйымдастырушы ұйым ғана аша­ды. Бір об­лыс екінші бір облыстың мә­лі­мет­тер ба­за­сы­на кіре алмайды. Оған тек республика деңгейінде ғана кіруге болады. Осы үшін құпиясын сақтауға кепілдік беріледі. Бұл электронды біртұтас жүйенің идеологиясын өзі­міз әзірледік. Сайтты техникалық тұрғыдан әзір­­леуде Байланыс және ақпарат ми­нис­тр­лі­гі­­не қарайтын “Ұлттық ақпараттық орталық” АҚ мамандарының көмегіне сүйендік. Мал ша­руа­шылығындағы кең ауқымды селекция бойынша құрылып отырған бұл біртұтас элек­трон­ды ақпарат жүйесі әзірге ТМД көлемінде ба­­ламасыз болып табылады”, дейді бізбен әң­гі­месінде Мал шаруашылығы және ветери­на­рия ғылыми-инновация орталығы бас ди­рек­то­­рының орынбасары Анас Баққожаев. Осы электронды жүйеге бірінші кезекте елі­міз­дің мал маруашылығында асыл тұқымды мал өсірумен шұғылданатын, тауарлы өнім шы­ға­ратын 827 шаруашылық қосылуы тиіс екен. Оның 427-сінен арнайы адамдар шақыртылып, жү­йе бойынша жұмыс істеудің қыр-сыры оқы­ты­лып, дайындықтан өткізілген. 19 ша­руа­шы­лық электронды кілт алған. Жыл соңына дейін барлық шаруашылықты электронды жүйеге қосу көзделініп отыр. Сонымен еліміздің мал шаруашылығындағы кең ауқымды селекция жұмыстары биылғы жыл­­дан бастап өзінің барлық талаптарын сақ­тай отырып, алға қарай алғашқы қадамдарын жа­сады. Жүйе Елбасының қолдауына ие болды. Елі­­міздің Үкіметі, Ауыл шаруашылығы ми­нис­т­р­лігі, ғылыми қауымдастық осы істен үлкен үміт күтіп отыр. Өйткені, әлемдік тәжірибе көр­сетіп отырғанындай, мал шаруашылығын дамытудың басты маңызды шарты болып табылатын мал тұқымын асылдандыру ісінде осыдан басқа сенімді жол да жоқ. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.