Жел тұрса желкенге де жан бітеді.
***
Суға жүзе білмейтін батуға әзір тұрады.
***
Тепсінген теңіздің толқыны қатерлі.
***
Қартайған арыстан тамақтан азар,
Өсекшіл адам ақылдан азар.
***
Ит тұрғанда итше абалауға не жорық.
***
Кісіге ақыл үйрету – қиын, аздыру – оңай.
***
Желіде тұрған құлын бойын жазбас.
***
Ұрыншақ болма, ұғыншақ бол.
***
Сойыл заңға ұйымайды.
***
Шіріген жұмыртқадан балапан өрмес.
***
Жаны ашымас досыңнан қарсыласың көп артық.
***
Баланың бойындағы кемшілік – отбасының қателігі.
***
Ниеті бұзықтың беті бүлк етпес.
***
Көңіл көркі – қуаныш.
***
Сықырлауық есік жас жігіттің жақтасы емес.
***
Боршаланған балық тұзды қалайды.
***
Сөз қуған сыпайылықтан аулақ.
***
Әділетті болғың келсе – шындыққа жүгін.
***
Тозған шапан төр таңдамас.
***
Көп қол ауыр жүкті де құлатар.
***
Тек тұрмаған суық қару – кім-кімге де қауіпті.
***
Суалған өзен суға қанбас.
***
Келеңсіз сөз – көңіл салқындығы.
***
Ай жарықта теңіз де айнадай.
***
Үріккен сазан жайынды оятар.
***
Теке сақалға жайын мұрт жараспайды.
***
Балық – суда, мал нуда өсер.
***
Жайын қартайса – жарға тығылар,
Ит қартайса – қораға тығылар.
***
Шайқалған қайық не қорқытар, не батырар.
***
Қуаныш үзілмеген жерде көңіл марқаяды.
***
От жақсаң, сөндіруді ұмытпа.
***
Арамдық ойлағанның өзіне де, сөзіне де сенбе.
***
Қартайған ат қамшы жақтырмайды.
***
Ыстық құшақ – сағыныш белгісі.
***
Тас жүрек – тағылықтың төркіні.
***
Қыран самғаса – тоят іздер.
***
Аққа күйе жақпа, күйеге өзің батарсың.
***
Әке ырқына көнбеген бала – басбұзар.
***
Тілемсек болма, тілекші бол.
***
Еріншек адам – сүріншек.
***
Шенеуніктің құдасын сынағаның – құрдымға құлағаның.
Саламат ХАЙДАРҰЛЫ, журналист-жазушы, “Егемен Қазақстанның” ардагері.