• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2010

Қырғыз халқының алғысы

454 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қырғыз Рес­пуб­ликасының өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отунбаевадан хат кел­ді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Роза Отунбаева өз ха­тында Қыр­ғыз Республика­сы­ның көп ұлтты халқының атынан Прези­дент Нұрсұл­тан Назарбаевқа және туысқан Қазақстан Респуб­лика­сы­на Ош қаласын, Ош және Жа­ла­ла­бад облыс­та­ры­ның елді ме­кен­дерін қал­пы­на келтіру ісіне қосқан ора­сан үлесі үшін алғы­сын білдір­ген. Р.Отунбаева Қа­зақ­стан тара­пы­нан көрсетіл­ген 11 миллионнан астам доллар кө­леміндегі құрылыс материал­да­ры мен азық-түлік өнім­дері түрінде жедел және тиім­ді гу­манитарлық кө­мектер жағ­дай­ды тұрақ­тан­­ды­ру­ға және Қырғыз­станның оң­түстігіндегі шие­ле­ністі ахуалды саябыр­сы­туға ай­тарлық­тай ықпал еткенін атап өткен. “Белгіленген көмекті жүзеге асыру үдерісі толық күйінде­ жү­ріп жатқанын қа­нағат сезіммен атап өтемін, – деген Р.Отун­баева. – Ош қаласында қалпына келтіру және қайта құрылымдау жөнін­де­гі бас дирекция 139 от­ба­сына ар­нал­ған биік қабатты екі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Ош және Жалалабад облыс­та­рын­­да­ғы елді мекендерде 1983 үйді салу және қалпына кел­тіру жұ­мыстары қолға алын­­ды, қазірдің өзінде олардың иеле­ріне атаулы кө­мектер көрсе­тіл­ді. Бүгінгі күні осы нысандар бойынша ірге­та­сын қалпына кел­­тіру жұ­мыс­тары – 74 пай­ызға, қа­быр­ғалар тұр­ғызу – 41 пай­ызға, баспана салу – 11 пай­ызға орындалды. Гума­ни­тар­лық көмек еш ­ысырапсыз қа­таң қоғамдық ба­қы­лау арқы­лы оңтүстіктің 15 мың­нан ас­там тұрғынына толық беріл­ген. Қалпына келтірілген үйдің 40 пайызын 2010 жылғы 1 қарашаға, тағы 40 пайызын 15 қарашаға, тұрғын үйдің қал­ған 20 пайызын қа­рашаның аяғы­на дейін беру жос­пар­лан­ған. Қырғыз Респуб­ли­ка­сы­ның Үкі­меті респуб­ликаның оңтүс­тігінде зардап шеккен бар­­лық азаматтарды баспана­мен қам­тамасыз ету жөнінде алға қой­ыл­ған міндеттерді белгіленген мер­зімде, суық түскенше орын­дайтынына сенемін. Еліміз дамуының осы бір күр­делі кезеңінде туысқан Қазақстан халқынан қажетті және дер кезінде мате­риал­дық әрі моральдық көмектер алған қырғызстандық отбасы­лар­дың атынан Сізге, аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, ал­ғыс айтуға және зор ден­сау­лық, амандық, Сіздің Қазақ­стан халқын өркендету жо­лын­дағы мемлекеттік қыз­ме­тіңізге табыстар тілеуге рұқсат етіңіз”.