• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2010

Ықпалдастық сипатындағы сапарлар

458 рет
көрсетілді

Кеше Сыртқы істер министрлігінде аталған ведомствоның баспасөз хатшысы  Ілияс Омаровтың қатысуымен брифинг өтті. Онда жақын күндерге жоспарланған мәселелер айтылды. Мәселен, 27-28 қазанда ҚР Пре­зиденті Н.Назарбаевтың Фран­цуз Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Елбасының Франция Президенті Н.Саркозимен және Премьер-ми­нистрі Ф.Фийон­мен кездесулері көзделуде. Сапар шең­берінде “Н.На­зарбаев-Н.Сар­кози” Қазақ­стан-француз прези­дент­тік ко­миссиясының алғашқы оты­ры­сын, Қазақстанның Фран­ция­дағы экономикалық күндерін, Қа­зақ­стан-француз бизнес-фо­ру­мын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған қоса, біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығының баста­ма­ларын іске асыру мақсатында Париж Хартиясының 20 жыл­ды­ғы­на ар­налған дөңгелек үстел өтпек. “ҚР Президенті Н.Назарбаев­тың Парижге сапары аясында бір­қатар үкіметаралық және ведом­ствоаралық келісімдермен бірге коммерциялық келісім-шарттарға қол қою жоспарлануда” деді баспасөз хатшысы. Ал Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов бастаған парла­мент­тік делегация үстіміздегі жыл­дың 26-29 қаза­ны аралы­ғын­да Санкт-Петербург қаласында өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығы (ТМД), Еуразиялық эко­но­микалық қоғамдас­тығы (ЕурАзЭҚ) және Ұжым­дық қауіп­сіз­дік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Парламентаралық Ассам­блея­ларының іс-шараларына қатыс­пақ. Алдымен Қазақстан парла­мент­шілері өз жұмыстарын қазан­ның 26-сы, яғни сейсенбі күні Нева жа­ға­лауындағы қалада Жам­был Жа­­баев­тың ескерткішіне гүл шоқ­та­рын қою­дан бастайды. Осы күні ҰҚШҰ ПА Кеңесі жанын­дағы са­рап­та­ма­лық-консуль­та­тив­тік кеңес­тің, ТМД ПАА-ның жұ­мыс тобы­ның оты­рыстары өтеді. Сондай-ақ ҰҚШҰ ПА-ның тұ­рақты комис­сия­сының отырыста­ры жоспар­ланған. Соның ішінде ҰҚШҰ ПА-ның қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты ко­миссиясының отырысына Мәжі­ліс депутаты Уәлихан Қоңырбаев қатысады. Қазанның 27-сі күні ТМД ПАА-ның тұрақты комиссия­лары­ның саяси мәселелер мен ха­лықаралық ынтымақтастық, аг­рар­лық саясат, табиғат ресурс­та­ры және экология тақырыптарын қамтитын отырыс­тары өтпек. Осы күні ТМД ПАА-ның жұмыс тобының отырысы болады. ТМД-ға мүше мемлекеттер үшін Ин­новациялық кодекстің үлгісін дайындау мәселесі қаралады. Сол күнгі бағдарламада сон­дай-ақ ЕурАзЭҚ Парламент­ара­лық Ассам­блеясының Бюросы және ҰҚШҰ ПА Кеңесінің оты­ры­сы және осы ұйымның төр­тінші жалпы жиналысы өтетіні қарастырылған. Бұл шаралар ҚР Парламенті Мә­жі­лісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың және Мәжіліс депутаты Әм­зебек Жол­шыбековтің қатысуымен өтеді. Қазанның 28-інде Қазақстан парламентшілері ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 35-інші жалпы оты­рысының жұмысына қаты­сады. Сонымен қатар, аталған шара­лар аясында Санкт-Петербург қа­ла­сында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған “ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар” тақыры­бын­да халықаралық парламенттік конференция мен фотокөрме өткізу жоспарланып отыр. Ал 28-30 қазан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігі Сырт­қы істер министрінің орынбасары Ханзада Халед бен Сауд бен Ха­лед Аль Сауд Астанаға жұмыс сапарымен келеді деп жоспар­ла­ну­да. Ол Ханзада Халедтің Орта­лық Азия елдеріне сапары шең­бе­рінде жүзеге аспақ. “Сапар барысында саудиялық делегация басшысының ҚР Сыртқы істер министрінің орын­басары Қ.Сарыбаймен келіссөз­дері жоспар­ланып отыр. Тараптар екі ел ынты­мақ­тастығының саяси, сауда-эко­номикалық және мә­де­ни-гумани­тар­лық салалардағы өзекті мәсе­ле­лерін, сондай-ақ ха­лықаралық және аймақтық ұйым­дар аясындағы өзара іс-қимыл­дың болашақтарын талқыламақ”, деді І. Омаров. “Егемен-ақпарат”.