• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2010

Қытайлық қандасымызды қабылдады

444 рет
көрсетілді

27 қазанда Қазақстан Репсубликасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районы Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Асқат Керімбайды қабылдады, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев саяси сенімділік пен экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейімен сипатталатын Қазақстан-Қытай қатынастарын одан әрі нығайтудағы бұл сапардың маңызын атап өтті. “Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қаты­настардың негізі сауда-экономи­ка­лық байланыстар, онда ШҰАР маңызды орын алады. Қазақстан мен ШҰАР арасындағы тауар айналымы жыл сайын арта түсуде”, – деді Төраға. Әңгіме барысында халықаралық “Қорғас” шекаралық ынтымақ­тас­тық орталығын пайдалануға беру мә­селесі талқыланды. Сенат Төр­аға­сының ай­туынша, бұл жобаны жүзеге асыру шекаралық аймақ­тар­дағы экономи­ка­ны қарқынды дамытуға, екі мем­ле­кеттің тран­зит­тік әлеуетін пайдалануға ықпал етеді. Қ.Тоқаев кездесу кезінде биыл­ғы 1-2 желтоқсанда Астанада бо­латын ЕҚЫҰ Саммитіне әзірлік ту­ралы хабардар етті. Парламент­ара­лық үнқатысуды дамыту мәселесіне қа­тысты Төраға Халық өкілдерінің Бүкілқытай жиналысы Тұрақты ко­ми­тетінің төрағасы У Бангоны Қа­зақ­станға ресми шақыруын нақ­тылады. А.Керімбай өз кезегінде халық­аралық “Қорғас” шекаралық ын­тымақтастық орталығының құры­лысы аяқталу кезеңінде екенін айтып, Сенат Төрағасын ШҰАР-ды әлеуметтік-экономикалық даму са­ла­сында ауқымды бағдарлама­лар­ды жүзеге асыру туралы хабардар етті.