Жақында облыстық “Халықтар достығы” үйінде “Нұрсұлтан Назарбаев: гуманизм және саяси ерік-жігер” атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл ұжымдық кітаптың авторлары – Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов пен профессор Гурий Хан және профессор Ирина Хан.
Құнды шығарма Қазақстанның лаңкестікпен күресудегі халықаралық ынтымақтастығы, дағдарыстан қалай шығуы, еліміздегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жайлы сыр шертеді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев авторлардың Елбасы тұлғасын жан-жақты ашып көрсеткені турасында айтса, Гурий Хан жаңа шығарманың жастарға үлгі-өнеге болатын жақтарын ашып көрсетті.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
ӨСКЕМЕН.