Ертеңін ойлайтын Ерейментау “Бар жақсымыз – балаларға!” ұранын аспандатумен келеді. Соның бір айғағы, ұлттық тілде тәлім-тәрбие беретін 320 орындық “Болашақ” балалар бақшасының салтанатты ашылуы дер едік.
Александр Демидов басқаратын “Ақмола құрылыс материалдары” ЖШС 421,5 миллион теңгеге бағаланған құрылысты кестелі мерзімде аяқтады. Мұнда озық мекеме дәрежесіндегі талаптардың барлығы қарастырылған. Жоғары сұраныстағы бөбектер ордасында қазірдің өзінде 12 топ құрылып отыр.
Бүлдіршіндер мен ата-аналарды аудан әкімі Нұрлан Ережепов, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Мейрамгүл Жанысова, республикалық балалар ұйымы одағының төрайымы Елена Дмитриенко, аудан имамы Орал қажы Айтбайұлы құттықтады.
Балабақша меңгерушісі Айнагүл Омарова жаңа нысанда 103 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын айтады.
Бақберген АМАЛБЕК.
Ақмола облысы.