Компьютерлік сынып сыйлады
Өндірісті өлкедегі банктер филиалдарының саны тағы бірге өсіп 18-ге жетті. Ақтауда “Альфа Банк” АҚ-тың филиалы салтанатты түрде ашылды. Аймақта қаржы саласының кең қанат жаюы өңір экономикасының өрлей түсуінің белгісі екендігі атап көрсетілді. Облыс әкімдігі мен “Альфа Банк” АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға облыс әкімі Қ.Көшербаев пен аталмыш банктің басқарма төрағасы Д.Смирнов қол қойды. Банк басшысы алдағы уақытта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына игі ықпал ететін шағын және орта бизнесті қолдап, ірі жобаларды қаржыландырып, мемлекет – жекеменшік әріптестігі негізіндегі жобаларға қосылуға әзір екендіктерін білдірді. Және “Альфа Банк” АҚ әлеуметтік кәсіпкерлік аясында облыс орталығындағы №6 орта мектепке заманауи компьютерлік сыныпты сыйға тартты.
Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.