Бас Прокурор Қ. Мәмидің төрағалық етуімен құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда БҰҰ комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын жүзеге асыру, сондай-ақ бас еркінен айыру орындарынан босатылған адамдардың еңбек және тұрмыстық орналасу мәселелері қаралды.
Отырысқа қатысушылар БҰҰ комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын дәйекті жүзеге асыру жөніндегі атқарылған оң жұмыстарды атап өтті. Бас Прокурор азаптауға және қаталдық пен жазалаудың басқа да осындай түрлеріне қарсы күрес жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды. Өңірлік прокурорларға азаптау және қылмыстық процеске тартылған және арнаулы мекемелердегі адамдарға қатал қарауға байланысты басқа да заңсыз әдістер туралы арыз-шағымдарды тексеруді қатаң бақылау тапсырылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтік бейімделуін талқылау барысында мәжілісте бұл жұмыстың тиімділігін арттыру, уәкілетті мемлекеттік органдардың бұрынғы қамаудағылардың еңбек және тұрмыстық жағынан орналасуы жөнінде өзара іс-қимылын жұмылдыру және тиісінше ұйымдастыру, олардың құқықтарын қорғау саласында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылдаудың өзектілігі атап өтілді. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, бұл салада жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу ұсынылды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.